1-баған
Зат есім дегеніміз не?
Заттың атын білдіретін сөз табы.
Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Зат есімге мысал келтіріңіз.
Үй, мектеп, кітап, гүл.
Кім? сұрағына жауап беретін зат есімге мысал келтіріңіз.
Мұғалім, оқушы, дәрігер.
Не? сұрағына жауап беретін зат есімдер қандай?
Кітап, орындық, көлік.
Қайсысы зат есім? «Жасыл, ағаш, жүгіру».
Ағаш
Келесі сөздердің ішінен зат есімді табыңыз: «Сары, күн, жылдам»
Күн
Сөйлемнен зат есімді тап: Бұл кітап маған ұнады.
Кітап
Сөйлемнен зат есімдерді тап: Мектеп ауласында балалар ойнап жүр
Мектеп, аула, балалар
Сөйлемнен зат есімді тап: Жазда өзенге барып шомылдық
Жаз, өзен