Жұмбақтар
Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтiн,
Ол қазына өлмейтiн.
Кітап
Төрт қойдың неше аяғы бар?
16
Бiлiмнiң жол басшысы,
Шәкiрттiң қолбасшысы.
Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда
екеу Астанада көп? Ол не?
(“а”)
Шәкiртке жанашыр,
Мейiрман кiм, жаны асыл?
Ұстаз
Теңіздің ортасында не бар?
(“ң” әріпі)
Үй жанында өмір сүреді,
Біреу келсе үреді
Ит
Алфавиттің ең соңғы әрібі?
(т)
Қанатты құс ұшпайды,
Су астында қыстайды
Балық
Құлақ не үшін керек?
(Көзілдірікті ұстап тұру үшін)