"Авторитар" сөзінің мағынасы?
Латынша "auctoritas" - билік, ықпал; "auctor" - негізін салушы
"Тоталитар" сөзінің мағынасы?
Латынша "totalis" - барлық, бүтін, толық деген мағынада
Грек тілінен demos - халық, kratos - билік.
Тоталитаризмге байланысты шығарылған әлемге әйгілі кітап?
Джордж Оруэллдің "1984" атты кітабы
Авторитарлы режім нені қамтиды?
Тоталитарлық қоғамнан демократиялық қоғамға өтетін кезеңді қамтиды
Тоталитарлық режімде әскери күш кімнің бақылауында?
Әскери күш билеуші партия мен үкіметтің қолында
Демократия түрлерін атаңыз.
Тікелей(билік халықта), плебисцитарлы(халықтың белгілі бір жағдайда ғана шешім қабылдауы) және өкілдік(өкіл сайлау арқылы)
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапонияда тоталитарлық режім болды ма?
Жапонияда тоталитарлық режім болмады. Жапония милитаристтік мемлекет болды, яғни оны император және әскери күш басқарды
Авторитарлы режімде мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар қалай орындалады?
Мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастар мәжбүрлеу арқылы орындалады
Тоталитаризм режіміне сәйкес келетін әлем тарихындағы мемлекеттерді атаңыз.
Ұлтшыл(нацисттік) Германия, фашисттік Италия, КСРО және Куба(қосымша: франкисттік Испания)
Қазіргі уақытта әлемдегі демократиялық саяси режім демократияның қай түрінің мүмкіндіктерін пайдаланып құрылады?
Әлемде демократиялық саяси режім өкілдік демократияға сүйене отырып құрылады.
Берілген сурет - Азиядағы мемлекеттің туы. Бұл мемлекетте қандай режім басым?
Бұл мемлекет - Тәжікстан, онда авторитарлы режім басым.
Авторитарлы әскери режімге мысалдар келтіріңіздер
XX ғасырдың екінші жартысындағы Латын Америка елдері және XX ғасырдың 60-80 жылдарындағы Оңтүстік Корея
Тоталитарлық режімде мемлекеттік биліктің рөлі қандай?
Мемлекеттік билік мемлекеттегі барлық қоғам мен жекетұлғаны қатаң бақылауға алады.
Бұл суретте берілген шегара тарихтағы атақты империялардың бірінің шегарасы. Империя мен онда болған демократия түрін атаңыз.
Ежелгі Рим империясы, және онда тікелей демократия болды
Бұл сурет қай режімге байланысты?
Бұл сурет - Афиныдағы халық жиыны, және ол демократияға байланысты.
Авторитарлы режімде сөз бостандығы(цензураның болмауы) және саяси плюрализм бар ма немесе жоқ па? Бұл қай белгілерге байланысты?
Авторитарлы режімде цензура бар, яғни сөз бостандығы мен плюрализм шектелуде.
Бұл режімде ой-пікір плюрализмінде шектеу мен бақылау болуына, жекелеген цензураның сақталуына байланысты.
Тоталитаризмнің басқа режімдерден қарапайым ерекшелігі неде?
Мемлекеттің басында лидердің немесе топтың үстемдігі орнауы, жетекшілікке бір ғана халықтық партия ие және қатаң, жетілдірілген жазалау жүйесі
Демократиялық тұжырымның қалыптасуының жаңа кезеңі XVIII ғасырдың соңында болған төңкерістен кейін басталды. Бұл төңкеріс қай мемлекетте болды?
Ұлы Француз төңкерісі, яғни төңкеріс Францияда болды
Берілген суреттегі тұлға тоталитарлық режімі болған мемлекетті басқарған. Кезінде "Бәрі мемлекет үшін, мемлекеттен өзге және оған қарсы ештеңе болмауы керек" деп айтқан екен. Бұл кім?
Бенито Муссолини - фашисттік Италияның басшысы және фашизмнің негізін қалаушысы.