Биология
Тарих
География
Физика
100

1.Жануарлардағы ұлпалардың 4 типі?

Жауабы: эпителий,дәнекер,бұлшық ет, жүйке ұлпалары болады


100

1.Патша үкіметінің 1867-1868 жылдардағы реформаларының мақсаты қандай болды?

Жауап:1867-1868 жылдардағы реформалардың негізгі мақсаты:

  1. Қазақстанды толық отарлауды аяқтау.
  2. Қазақ жерлерін әкімшілік-аумақтық басқару арқылы Ресей империясына бағындыру.
  3. Қазақ халқының дәстүрлі басқару жүйесін жою.
  4. Экономикалық және әскери бақылауды күшейту.
100

1.Қазақтың көрнекті ғалымы Мұқитановтың қандай кітабын білесіңдер?

Жауабы: Страбоннан біздің күнге дейін географиялық көзқарастар мен идеялар эволюциясы

100

1.Броундық қозғалыс дегеніміз не ?

Жауап:Сұйықтықтың немесе газдың ішіндегі бөгде бөлшектердің ретсіз бейберекет қозғалысы.

200

2.Күйіс қайыратын жануардың  ас қорыту жүйесі?

Жауабы: Ауыз қуысы,Өңеш,Асқазан,Бауыр,Ашішек,Тоқішек,бүйен

200

2.XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың себебі неде болды?

Жауап:Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың себептері:

  1. Патша үкіметінің қазақ жерлерін отарлауды күшейтуі.
  2. Хандық билікті жою және қазақтардың дәстүрлі басқару жүйесін әлсірету.
  3. Салықтар мен алымдардың көбеюі.
  4. Қазақтардың көшіп-қону еркіндігін шектеу.
200

2. Метадеректер дегеніміз не? 


Жауабы: Бұл деректер туралы мәліметтер

200

2.Отынның меншікті жану жылуы неше кг отын толық жанғанда белгілі болады ?

Жауап:1 кг

300

3.Терінің ортанғы(екінші)қабаты қалай аталады?

Жауабы: Дерма

300

3.XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ зиялыларының өкілдерін атаңыз және олардың рөлін түсіндіріңіз.

Жауап:Қазақ зиялыларының көрнекті өкілдері:

  • Шоқан Уәлиханов – қазақтың тұңғыш ғалымы, саяхатшы, этнограф.
  • Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, алғашқы қазақ мектептерін ашқан ұстаз.
  • Абай Құнанбаев – ұлы ақын, философ, қазақ әдебиетінің реформаторы.
300

3.Ш. Уалихановтың қандай еңбектерімен таныссыңдар?

Жауабы Жоңғария очерктері


300

3.Молекулалық-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын атаңыз.

Молекулалық-кинетикалық теорияның 3 негізгі қағидасы:

  1. Барлық заттар ұсақ бөлшектерден (молекулалар мен атомдардан) тұрады.
  2. Бұл бөлшектер үздіксіз және бейберекет қозғалады.
  3. Бөлшектер бір-бірімен өзара әрекеттеседі – олар тартылуы немесе тебілуі мүмкін.
400

4.Адам жүрек-қантамыр жүйесінің негізгі бөліктері қандай және олардың қызметтері қандай? 

Адам жүрек-қантамыр жүйесі қан айналымын қамтамасыз етеді. Оның негізгі бөліктері:

  1. Жүрек - қызметі: Қанды бүкіл ағзаға айдайды. 
  2. Қан-тамырлар - Қанды жүректен ағзаларға тасымалдайды. Қан мен ұлпалар арасында зат алмасу жүреді. Қанды ағзалардан жүрекке жеткізеді. 
  3. Қан
400

4.Екінші дүниежүзілік соғыста Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандықтар?

Жауабы: Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы сияқты қазақстандықтар батыр атағына ие болды.

400

4.Қазақстанның климатына қандай факторлар әсер етеді?

Жауап:географиялық орны,жер бедері,атмосфера

400

4.Ішкі энергия дегеніміз не және ол қандай факторларға байланысты?

Жауап:
Ішкі энергия – денені құрайтын бөлшектердің (молекулалар мен атомдар) кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы.
Ішкі энергияға әсер ететін факторлар:

  1. Температура: Температура артқан сайын молекулалардың кинетикалық энергиясы өседі.
  2. Заттың массасы: Көп бөлшектердің энергиясы жоғары болады.
  3. Агрегаттық күй: Қатты, сұйық және газ күйінде ішкі энергияның мәні әртүрлі болады
500

5.Фотосинтез процесі қалай жүреді және оның маңызы қандай?

Жауап:Фотосинтез – өсімдіктердің жасыл жапырақтарында жарық энергиясын пайдаланып, органикалық заттарды (глюкоза) түзу процесі. Бұл процесс хлоропластарда жүзеге асады.

500

5.Тәуке ханнан кейінгі оның мұрагері?


Жауабы: Қайып хан

500

5.Қазақстанның ең ірі өзендерін атаңыз?

Жауап:Қазақстандағы ең ірі өзендер: Ертіс, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Тобыл.

500

5.Жылу өткізгіштік дегеніміз не? Бұл құбылыс қандай материалдарда жақсы жүреді?

Жауап:Жылу өткізгіштік – бұл заттардың бөлшектерінің арасындағы энергияның тікелей берілуі.
Қай материалдарда жақсы жүреді:

  • Металдарда (мыс, алюминий, темір) жылу өткізгіштік жоғары, өйткені олардың құрамындағы еркін электрондар энергияны жылдам тасымалдайды.
  • Сұйықтар мен газдарда жылу өткізгіштік нашар, себебі олардың бөлшектері бір-бірінен алшақ орналасқан.