Лекция бойынша сұрақ
Ситуациялық сұрақ
Қазақстан
100

Қаржылық жоспарлау деген не? 

Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі

100

12 айда 600 000 тг жинау үшін ай сайын қанша қаражат бөлу керек?

50000

100

Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері қанша?

85 000 теңге

200

Қаржылық жоспарды құрмас бұрын не болуы керек? (материалды зат емес)

Мақсат, стратегия

200

Егер күтпеген шығындарға резервіңіз болмаса, бірақ шұғыл түрде 200 000 тг керек болса, не істеу тиімдірек? 

Артық шығындарды қысқартып, пайызсыз қарыз іздеу

200

Қазақстанда негізгі қаржы реттеушісі қандай ұйым? 

ҚР Ұлттық Банкі

300

Қаржылық жоспарлаудың ең соңғы кезеңі: 

Қаржылық жоспарларды орындау және бақылау

300

А есімді азаматтың ата-анасы зейнеткер және інісі мектепте оқыса, қаржыны ең алдымен қай қажеттіліктерге бөлу керек? Маңыздылығы бойынша реттілікпен атаңыздар

Негізгі қажеттіліктер, ата-анасының қажеттіліктері, бауырының білімі, жинақ, күтпеген шығындар.

300

Қазақстанда несие алу үшін қандай талаптар қойылады?

18 жастан асу, табыс көзі болуы, кредиттік тарихы жақсы болуы

400

Өткен деректер негізінде болашақты болжау әдісі басқаша қалай аталады?

Экстраполяция әдісі

400

Сіз кәсіпкерсіз және бизнесіңізді кеңейту үшін 10 000 000 теңге қажет. Банк 15% жылдық мөлшерлемемен несие ұсынды, ал инвестор сізден 30% пайда үлесін сұрап отыр. Қай қаржыландыру әдісін таңдайсыз және неге?

Егер бизнестің табыстылығы жоғары болса, несиені алу тиімдірек, ал егер тәуекел жоғары болса, инвесторды тарту дұрыс шешім.

400

Қазақстанда студенттер қандай салық төлеуі мүмкін?

Жеке табыс салығы, МӘМС, ҚҚС

500

Қаржылық жағдайды талдауда бағаланатын 4 элемент:

Кіріс, шығыс, активтер мен міндеттемелер.

500

Бастапқы сома 100 000 теңге болса, бір жылда ақша жинаудың қай тәсілі тиімдірек: 5% жылдық табыспен депозит пе, әлде 10% инфляция кезінде қолма-қол ақшаны жинау ма? Неге?

Депозит инфляцияны толық жаппаса да, тиімдірек. 1. Жылдың аяғында 105000 теңге. 2. Жылдың аяғында ақшаның құны он пайызға құнсызданса, жылдың аяғындағы ақша бастапқы 90 909 теңгемен тең болады.

500

Қазақстанда 2023 жылы инфляция деңгейі қандай болды?

9,8%