Элита термині
Ғалымдар пікірі
Қосымша
100

«Элита» терминін талдап бер?

  • «Элита» термині француздың «elite» деген сөзінен шыққан, сұрыпталған, тандалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді.
100

Конфуцийдің элита туралы пікірі?

Конфуций адамдарды асыл азаматтарға (билеуші элитаға) және төменгі (карапайым) адамдарға бөлді.

100

Элитология деген не?

Ол ғылымның арнайы саласы.Ол элиталардың калыптасу жағдайын, оның қоғамдағы рөлін, әлеуметтік-саяси процестерге ықпал ету әдіс- төсілдерін және т.б. зерттейді.

200

«Элита» термині алғашында қай салада пайдаланылды және мағынасы?

  • Ол экономика саласында қолданылған. XVIII ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады.  
200

Платонның элиталар туралы пікірі?

билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Платон қоғамды билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге бөлді.

200

Саяси элиталарды қалыптастырудың жолдары?

2 түрі бар: антрепренерлық және гильдия жүйесі.

300

Саяси элита дегеніміз не?

Саяси элита деп қазына-байлықты, қаржы-қаражат- ты бөлуге байланысты және т.б. саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мөртебесі мен ықпалы бар үйымдаскан топты айтады.


300

Гаэтано Москаның элита теориясы қалай тұжырымдалады?

Гаэтано Моска бойынша қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді. Оған ұйтқы болатын қасиеттер: әскери ерлік, байлық, діни дәреже (мәртебе). Осы үш қасиет адамға басқарушылар (элита) қатарына кіруге есік ашады.

300

Қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар қандай?

1) қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілеті бар кәсіби басқарушылар керек; 

  2) адамдардың психологиялық (туа біткен) және әлеуметтік теңсіздіктері; 

3) қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырылады;            

 4) бұқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы.

400

«Элита» терминін ғылыми айналымға кім енгізді?

Вальфредо Парето

400

Вальфредо Паретоның теориясы қалай аталады, оны түсіндір?

  • Оның теориясы «элиталардың айналу» теориясы деп аталады. Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуы нәтижесінде келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жана элита билік басына келеді. Яғни, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады.
400

Р.Ж. Шварценбергердің теориясын түсіндіріңіз?

Ол қазіргі элитаны жабық каста ретінде сипаттайды. Элита саясаткерлерден, жоғары әкімшіліктерден және іскер адамдардан тұратын биліктің үшбұрышын құрайды. Олар үкіметті қалыптастырады, мемлекетті билейді, ірі корпорациялар мен банктерді баскарады. Өз қатарына өзгелерді кіргізбеуге тырысады.

500

Саяси элитаның басты қызметі қандай?

Стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды.

500

Роберт Михельстің теориясы қалай аталады, оны түсіндір?

  • Теориясы  «олигархияның темірдей заңы» деп аталады. Ол бойынша, бұқара халықтың өзін-өзі басқаруға қабілеті жетпейді, кейбіреулер халықтың қолдауына ие болады. Сөйтіп кәсіби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады. Ол халықтан біртіндеп алшақтайды, билікті өз қолдарынан шығармай, сақтап қалуға тырысатын томаға-тұйық, шеңбер пайда болады. Олар байларға,яғни олигархтарға айналады, саяси және экономикалық билікке ие болады. Биліктен айрылғысы келмейді. Халықтың егемендігі, билігі дегеннің бәрі бос қиял.
500

Райт Миллстың теориясы қалай тұжырымдалады?

Райт Миллс элитаны мәртебелер және стратегиялық рөлдер атқаратын топ деп анықтайды. Оның ойынша, қоғам үшін ең манызды рөл аткаратын саяси, экономикалық және әскери институттар. Соған орай билік элитасын мемлекет, корпорациялар және әскери басшылар құрайды.