Бөлмеде 4 бұрыш бар. Әр бұрышында бір мысықтан отыр. Әр мысық 3 мысықтан көреді. Бөлмеде барлығы неше мысық бар?
Бөлмеде 4 мысық бар.
Кәмелет жасқа толмаған бала ата-анасының немесе заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз кешкі нешеге дейін жүруіне болады?
22:00ге дейін.
Мұнайлы ауданының орталығы қандай?
Маңғыстау ауылы
8-мектеп директорының әкесінің аты?
Жоумитбаевич
Біздікі болғанымен басқалар қолданатын
нәрсе?
Есіміміз.
Педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам кім?
Педагог
Мұнайлы ауданы құрылған жыл?
4 маусым 2007 жыл
Мектеп директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары кім?
Мереев Абдулла
Қай жерде жексенбі сенбіден бұрын
келеді?
Сөздікте.
Білім беру ұйымдарының педагогтері басшылыққа алатын қағидаттары мен нормаларының, педагогтердің білуі және сақтауы олардың кәсіби қызметі мен еңбек тәртібі сапасын бағалау өлшемшарттарының жалпы жиынтығын білдіреді.
Педагогикалық әдеп
Қызыл төбе ауылының атауының мағынасы немен байланысты?
Қорым немесе Күн батарда төбенің қызарып көрінуі (С.Қондыбай)
2024-2025 оқу жылында асхана қызметіне келген жаңа мекеме қалай аталады?
компания Кейтеринг.
Елімізде талдармен жасалған қорған қай
қалада?
Талдықорған.
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 4–қосымшасындағы 10-тармағына сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне, әдістемелік кабинет (орталық) педагогтеріне ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін қанша АЕК қосымша ақы қарастырылған.
10 АЕК
Мұнайлы ауданындағы бұрынғы Маңғыстау-1 ауылының қазіргі аты қандай?
Ақ еспе
2024-2025 оқу жылының 3-тоқсан қорытындысы бойынша оқушы саны қанша болды?
2 160 оқушы
Қыз бен жігіт жолда келе жатса, алдыдан бір қария шығып қыздан: -қасыңдағы кім деп сұрайды. Қыз: - шешемнің шешесі, оның қайын енесі, сонда бұл маған неменесі? дейді.
Сұрақ: қыздың қасындағы кім?
Әкесі
Бұл Заң азаматтардың бірлесу бостандығына, кәсіптік одақтарды құруға, олардың қызметіне, оларды қайта ұйымдастыруға және таратуға конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл қай заң?
Кәсіподақ қызметі туралы заң (2014ж №211-V ҚРЗ)
2024 жылдан бастап қазіргі уақытта аудан әкімі кім?
Қанат Құлжанов
2024-2025 оқу жылында Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде 8-мектептен қанша оқушы жүлделі орынға иe болды?
Орын алған оқушы жоқ.