Үш ағашта 33 құс отырды. Бірінші ағаштан 6 құс, екінші ағаштан 5 құс, үшінші ағаштан 4 құс ұшып кетсе, барлық ағаштардағы құстардың саны тең болады. Басында бірінші ағашта қанша құстан отырды?
12
Оқушылар 24 м ұзындықтағы жолдың бір жағына әр 3 м жерге бір түп ағаштан екті. Онда барлығы қанша түп ағаш егілді?
9
Арман əкесі 55 жасқа келгенде туылған. Қазір оның жасы əкесінің жасынан 6 есе кіші. Арманның əкесі қазір неше жаста?
66
Мақсат пен Мирас бір уақытта екі орыннан қарама қарсы бағытта жүгіреді. Мирастың жылдамдығы 21 км/сағ, Мақсаттың жылдамдығы 19 км/сағ. Екеуі кездескен кезде Мирас Мақсатқа қарағанда 4 км жол артық басқан болса, екі орынның арақашықтығы қанша?
60км
5874∗4 саны 2-ге бөлінетіндей, бірақ 4-ке бөлінбейтіндей етіп, жұлдызшаның орнына қандай цифрларды қоюға болады.
1,3,5,7,9
AB+A=BEE әріпті ребусында E әрпі [ ] цифрына сәйкес келеді. Мұнда әртүрлі әріптер әртүрлі цифрларды, ал бірдей әріптер бірдей цифрларды білдіреді.
1
Олжас 2400 теңгеге сок, бəліш, жаңғақ сатып алды. Бəліш соктан 2 есе қымбат. Жаңғақ соктан 400 теңге қымбат. Сок неше теңге тұрады?
500
<17>=7, <21>=2, <30>=0, <45>=20 және <53>=15 болса, <913> нешеге тең?
27
5 құлып және оларға 5 кілт әкелінді, бірақ кілттердің қайсысы қай құлыптыкі екені белгісіз. Әр құлыптың кілтін табу үшін неше сынама қажет?
1, 3, 5, 7 цифрларының әрқайсысын көбінде бір рет қана пайдалану арқылы қанша әртүрлі үш таңбалы сан құрастыруға болады?
24
3 күнде 11 станокта 12100 бұйым жасалынды. Дәл сондай 9 станокта 9 күнде неше бұйым жасауға болады?
29700
Әкесі баласынан 4 есе үлкен. 20 жылдан кейін ол баласынан 2 есе үлкен болады. Қазір әкесі қанша жаста?
40
Кітап беттері 964 цифрмен нөмірленген. Егер кітап беттері оның үшінші бетінен бастап нөмірленсе, кітапта барлығы неше бет болғаны?
356
Сыныптағы оқушылар түрлі үйірмеге барады. 12 оқушы математика үйірмесіне, 17 оқушы ағылшын үйірмесіне, 10 оқушы спорт үйірмесіне барады. Математика және ағылшын үйірмесіне баратын оқушылардың саны- 8, ағылшын мен спорт үйірмесіне баратын оқушылардың саны-3, математика және спорт үйірмесіне баратындар саны 4. Барлығына баратын оқушылар саны-2. Кем дегенде екі үйірмеге қатысатын оқушылар саны қанша?
11
БАСТАУЫШ саны 9-ға бөлінеді. БАСТАУЫШ санының ең кіші мәнін табыңыз.
10230459