Алатаяқ ұстаған
Жол тәртібін нұсқаған,
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.
Полиция қызметкері
Маңдайға жағып шырақты
Лавалардан тұрақты.
Ағызып отын өзенін,
Жылытқан кім өз елін?
Негізі Шахтер ғой)))
100 ұпай силық босын
Күміс қанат, сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді?
Ұшқыш
Өнерге тән жаратқан,
Көкірегі кең аспан.
Барша жұртты қаратқан,
Бейнегер кім тым асқан?
Ақын
Өрнектеп, сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
Кім көйлек тігетін?
Тігінші дизайнер
Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрігер емес, бірақ ол.
Дәм мәзірін қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол
Аспазшы
Жалтылдап қалағы,
Салатын кім қаланы?
Құрылысшы
Топырақтың құнарын,
Дәл тауып құрамын,
Қай жерде қай дақыл,
Өнім берер бай дақыл,
Зерттеп дәйім жүретін,
Кім бәрін білетін?
Диханшы
Әріптерге жан беретін,
Сөз маржанын теріп өтетін.
Білім нәрін егетін кім,
Бала жүрекке жететін?
Жарайсың! 300 ұпай силық)))
Сандар менен есепті,
Дұрыс жасап есепті.
Бюджетті де басқарып,
Қатесіз ғып есептейді.
Бухгалтер
Ақ халатын киіп алып,
Науқас жанға мейір қанып.
Ауруларды емдейді,
Кім бұл жанға дем беріп?
Дәрігер
Ақ қағазға жан бітірер,
Түспен сырды шебер түрер.
Қиялынан туар әлем,
Бұл маманды тап, біле көр?
Суретші
Мақалды жалғастыр!
Еңбегің сайлы болса...
Қиын ия))) 500 ұпай силық!
Жалғасы: "Ішің майлы болады"
Мақалды жалғастыр!
Еңбек түбі -береке...
Көптің түбі- мереке
Мақалды жалғастыр!
Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің наны тәтті.