Бағдарламалық қамтамасыз ету
Ақпараттық жүйелердің жұмысын қолдау принциптері
Виртуализация негіздері
МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
Желілік қызметтерді орнату және баптау
100

Бағдарламалық қамтамасыз ету дегеніміз не?

Бұл – компьютердің жұмысын қамтамасыз ететін барлық бағдарламалар жиынтығы (операциялық жүйе, драйверлер, қолданбалы бағдарламалар, утилиталар).

100

Ақпараттық жүйе дегеніміз не?

Ақпаратты жинақтап, сақтау, өңдеу және пайдаланушыға жеткізуге арналған техникалық және бағдарламалық құралдар кешені.

100

Виртуализация дегеніміз не?

Бір физикалық компьютерде бірнеше операциялық жүйелерді немесе виртуалды машиналарды қатар іске қосуға мүмкіндік беретін технология.

100

МҚБЖ-ның бір қызметін ата.

Мәліметтерді қосу, өшіру немесе түзету.

100

DHCP протоколының негізгі қызметі қандай?

DHCP құрылғыларға IP-адрестерді автоматты түрде береді.

200

Бағдарламалық қамтамасыз етудің негізгі екі түрін ата.

  • Аппараттық жабдықтаманы басқаруға арналған – жүйелік бағдарламалар;

  • Пайдаланушының нақты жұмысын орындайтын – қолданбалы бағдарламалар.

200

Ақпараттық жүйелердің жұмысын қолдау принциптерінің негізгі мақсаты қандай?

Жүйенің тұрақты, сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

200

VirtualBox қандай ерекшелігімен танымал?

Ашық кодты, тегін және әртүрлі платформаларда (Windows, Linux, MacOS) жұмыс істейді.

200

МҚБЖ-ға мысал келтір.

MySQL, MS Access

200

DNS қандай мақсатта қолданылады?

DNS домендік аттарды (мысалы: google.com) IP-адрестерге түрлендіреді.

300

Linux операциялық жүйесі қай жылы Линус Торвальдстің есімімен қойылдыL

1991 жылы

300

Ақпараттық жүйенің үздіксіз жұмыс істеуі үшін қандай қолдау шаралары қолданылады?

Құрал-жабдықты уақтылы тексеру;

Бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту;

Резервтік көшіруді ұйымдастыру;

Ақпараттық қауіпсіздікті сақтау;

Ақауларды дер кезінде жою.

300

VMware қай салада көбірек қолданылады және неге?

Кәсіби және серверлік ортада қолданылады, себебі оның өнімділігі жоғары әрі тұрақтылығы сенімді.

300

Реляциялық мәліметтер қоры қалай сақталады?

Кестелер түрінде.

300

VPN-нің қауіпсіздік тұрғысынан пайдасын түсіндір.

VPN интернеттегі деректерді шифрлайды, құпиялылықты сақтайды және сыртқы шабуылдардан қорғайды.

400

Жүйелік, қызметтік және қолданбалы бағдарламалардың айырмашылығын түсіндір.

Жүйелік бағдарламалар (Windows, Linux) – компьютердің негізгі жұмысын қамтамасыз етеді.

Қызметтік бағдарламалар (антивирус, архиватор) – жүйені қорғау және оңтайландыруға арналған.

Қолданбалы бағдарламалар (Word, Excel, Photoshop) – нақты тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

400

Ақпараттық жүйелердің жұмысын қолдауда «резервтік көшіру» не үшін қажет?

Мәліметтердің жоғалып кетпеуі үшін және апат кезінде деректерді қалпына келтіру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қолданылады.

400

Hyper-V тек қай операциялық жүйеде жұмыс істейді және ол қандай мақсатта қолданылады?

Hyper-V тек Windows жүйесінде жұмыс істейді және көбінесе серверлік, корпоративтік ортада қолданылады.

400

МҚБЖ-ның негізгі түрлерін ата және бір мысал келтір.

  • Иерархиялық 

  • Желілік 

  • Реляциялық 

  • Объектілі-бағдарланған 

400

gTLD қандай сайт атау қолданылады?

.edu, .ai

500

Программалау БҚ не үшін қажет

Жаңа бағдарлама жасау үшін

500

Егер ақпараттық жүйеде қолдау принциптері сақталмаса, ұйым жұмысына қандай қауіп төнуі мүмкін?

  • Мәліметтердің жоғалуы немесе бұзылуы;

  • Жүйенің тоқтап қалуы;

  • Қызмет көрсету сапасының төмендеуі;

  • Қаржылық шығындар;

  • Ақпараттық қауіпсіздікке қатер төнуі.

500

VirtualBox, VMware және Hyper-V-ді салыстырғанда олардың негізгі артықшылықтары мен шектеулерін ата.

  • VirtualBox: тегін, оқуға ыңғайлы, бірақ өнімділігі орташа.

  • VMware: тұрақты, кәсіптік деңгейдегі шешім, бірақ ақылы.

  • Hyper-V: Windows жүйесіне кіріктірілген, өнімділігі жоғары, бірақ басқа платформаларда қолдануға болмайды.

500

Неліктен реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйелері (РМҚБЖ) қазіргі кезде ең көп қолданылады?

Себебі олар мәліметтерді кесте түрінде сақтайды, SQL тілі арқылы басқару ыңғайлы, күрделі байланыстарды қолдайды, көп қолданушыға бейімделген және үлкен көлемдегі ақпаратпен сенімді жұмыс істей алады.  

500

FTP клиент пен FTP сервердің айырмашылығы неде?

FTP клиент – пайдаланушы қолданатын бағдарлама, FTP сервер – файлдарды сақтап, пайдаланушыларға қолжеткізуді қамтамасыз етеді.