Жандану комплексі деген не?
Жандану комплексі – нәрестенің 2–3 айда ересек адамға эмоциялық жауап қайтаруы, яғни күлімдеу, қимылдау, уілдеу арқылы қарым-қатынас орнатуға ұмтылуы.
Эмоциялық реакция деген не?
Баланың сыртқы әсерге жауап ретінде ішкі күйін білдіруі (күлу, жылау, қорқу, қуану).
Танымдық үдерістер дегеніміз не?
Адамның қоршаған ортаны тану, білу қабілеттерінің жиынтығы (қабылдау, зейін, ес, ойлау, т.б.).
Зейін нәрестеде қалай байқалады?
Жарқ еткен жарыққа, тосын дыбысқа қарап қалу, қимылмен жауап беру арқылы.
Алғашқы сөздер қай уақытта пайда болады?
9–12 айда («мама», «ата» сияқты сөздер).
Жандану комплексін кім зерттеген?
Рене Шпиц (
Нәрестелерде алғашқы эмоциялар қалай көрінеді?
Жылау, жымию, мазасыздық, дене қозғалыстары арқылы.
Нәрестеде қабылдау қалай дамиды?
Алғашында көру мен есту арқылы, кейін затты ұстап, сипап сезу арқылы дами түседі.
Ойлау қабілеті нәрестеде қалай дамиды?
Затты ұстап көру, әрекет жасау арқылы — бұл сезімдік-іс-әрекеттік ойлаудың бастауы.
Сөйлеу дамуы неге байланысты?
Ересектермен қарым-қатынасқа, тілдік ортаға, баланың есту қабілетіне
Жандану комплексі қай айда пайда болады?
2–3 айлық кезеңде байқалады.
Эмоциялық реакциялар баланың дамуына қалай әсер етеді?
Әлеуметтік қарым-қатынасты, сенімділік сезімін, сөйлеу мен ойлаудың дамуын қалыптастырады.
Нәресте қабылдауының ерекшелігі қандай?
Қысқа мерзімді, нақты, сезім мүшелері арқылы тікелей әсерге негізделген.
Сөйлеу қабілеті қалай дамиды?
Алғаш уілдеу мен былдырлау арқылы басталып, кейін жеке сөздерге, сөйлемдерге ұласады
Нәресте қай кезде сөздерді түсіне бастайды?
6 айдан кейін қарапайым сөздерге реакция білдіреді.
Жандану комплексінің негізгі белгілері қандай?
Күлімдеу, аяқ-қолын қозғау, дыбыс шығару, көзбен іздеу.
Бала алғаш рет кімге эмоция білдіреді?
Анасына немесе үнемі күтіп-баптайтын ересекке.
Нәрестеде ес қай жастан (айдан)байқала бастайды?
Шамамен 6 айлық кезден бастап алғашқы есте сақтау қабілеті пайда болады.
Нәресте неше айында уілдейді?
Шамамен 2–3 айында.
Қабылдау мен сөйлеудің байланысы қандай?
Нәресте алдымен тыңдап, түсініп үйренеді — бұл сөйлеудің негізі.
Бұл (жандану ) құбылыс не үшін маңызды?
Нәресте мен ана арасындағы алғашқы эмоционалдық байланыс қалыптасады.
Нәрестенің эмоциясы қай жүйемен байланысты
Жүйке жүйесінің дамуына тікелей байланысты.
Есте сақтау қалай көрінеді?
Таныс адамды немесе затты көргенде күлу, дауыс шығару, қимылмен реакция білдіру
Былдырлау кезеңі қай кезде басталады?
5-6 айда
Сөйлеу дамуының кешігуі неден болуы мүмкін?
Есту қабілетінің бұзылуы, сөйлеу ортасының жоқтығы, психикалық дамудың тежелуі.