Жалпы фармакология
Ингаляциялық наркоз
Кофеин
100

Фармакология ғылымы нені зерттейді?

 Дәрілік заттардың организмге әсерін, қолдану жолдарын және олардың физиологиялық өзгерістерге ықпалын зерттейді.

100

Ингаляциялық наркоз дегеніміз не?

Бұл — тез буланатын сұйықтықтар (эфир, хлороформ, фторотан) немесе газдар (циклопропан, азоттың шала тотығы) арқылы деммен енгізілетін наркоз түрі.

100

Кофеин қандай химиялық топқа жатады?

Алкалоидтар тобына жатады (1,3,7-триметилксантинді алкалоид).


200

«Фармакология» атауы қай тілден шыққан және нені білдіреді?

Грек тілінен шыққан — “pharmacon” (дәрі) + “logos” (ғылым), яғни «дәрілер туралы ғылым».

200

Ингаляциялық наркоздың негізгі артықшылығы неде?

Наркоз дәрісін үздіксіз беріп, оның әсерін оңай бақылауға және қажет болса дереу тоқтатуға болады.

200

Кофеин ағзаға қандай негізгі әсер етеді?

Орталық жүйке жүйесін, жүрек пен қан тамырларын қоздырады, тыныс алуды жақсартады.

300

Ветеринариялық фармакологияның негізгі мақсаты қандай?

Жануарлар организміне дәрілік заттардың әсерін зерттеу, оларды емдеу мен аурудың алдын алуда дұрыс қолдану.

300

Ингаляциялық наркоз берудің қандай негізгі әдістері бар?

Бет маскасы арқылы, эндотрахеалды интубация арқылы, индукциялық камера арқылы

300

Кофеинді жануарларға енгізудің қандай негізгі жолдары бар?

Ауыз арқылы (оральды), инъекция арқылы (тері астына, бұлшық етке, қанға), тыныс алу жолдары арқылы.

400

Фармакодинамика нені зерттейді?

Дәрілік заттардың әсер ету механизмін, күшін және олардың организмдегі физиологиялық өзгерістерін зерттейді.

400

Фторотанның ингаляциялық наркоз кезіндегі артықшылығы мен кемшілігі қандай?

Артықшылығы: Тыныс жолдарын тітіркендірмейді, тез сіңеді және тез бөлінеді, уыттылығы төмен.

Кемшілігі: Наркоз сатысы тез өзгереді, тыныс алу орталығы салдануы мүмкін, брадикардия байқалады.

400

Кофеиннің жүрек пен қан тамырлар жүйесіне әсері қандай?

Кофеин жүрек жұмысын жақсартады, систолалық жиырылуды күшейтеді, қан айналымды жақсартады. Аз мөлшерде — қан қысымын реттейді, ал жоғары дозада — аритмия тудыруы мүмкін.


500

Фармакологияның алғашқы дамуы қандай елдермен байланысты?

Ежелгі Үндістан мен Қытай елдерінде фармакология ерте дамыған, кейіннен Тибет, Греция және Римге тараған.

500

Неліктен ингаляциялық наркоз көбінесе ұсақ жануарларға қолданылады?

Өйткені ұсақ жануарларды байлап ұстау және олардың жағдайын наркоз кезінде бақылау оңайырақ; ірі малға қолдану күрделірек және қауіпті.

500

Кофеин организмнен қалай бөлінеді және оның ыдырау өнімдері қанша уақыт сақталады?

Кофеин бүйрек және ас қорыту бездері арқылы бөлінеді, ал оның ыдырау өнімдері организмде бірнеше күн бойы сақталады.