Квадраттық парабола қай өсі бойынша симметриялы болады
Ордината өсі бойынша
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы?
180 градусқа тең
«Кибербуллинг» термині нені білдіреді?
интернеттегі, әлеуметтік желідегі адамдарға электронды байланыс құралдары арқылы қауіп төндіру
1-ден 100-ге дейінгі сандарды қатар жазғанда 4 цифры неше рет кездеседі?
20 рет
№2 дарын мектебінде неше сынып бар және сол санның жай бөлгіштерін атаңыз.
21 сынып, Жай бөлгіштері 3; 7
Сызықты функция дегеніміз не?
Аргументтің дәрежесі 1-ге тең болатын функция
Сыбайлас бұрыштар дегеніміз не?
Егер екі бұрыштың бір қабырғасы ортақ, ал өзге екі қабырғасы бір-біріне толықтауыш сәлелер болса, онда бұрыштар сыбайлас бұрыштар деп аталады.
Өкінішке орай -200
Көңіл түсірмейміз
Ақ парақты 7 түзу арқылы ең көп дегенде неше бөлікке бөлуге болады?
29
Алақай +200 бонус
Жолың болды
Функцияның анықталу облысы дегеніміз
Аргументтің (х) қабылдайтын барлық мәндері аралығын айтады.
Тең бүйірлі үшбұрыш дегеніміз не?
Үшбұрыштың екі қабырғасы тең болса бұл үшбұрыштар тең бүйірлі үшбұрыш деп аталады.
EXCEL бағдарламасында бағандарды немен белгілейді?
әріптермен
1-ден 100-ге дейінгі натурал сандардың ішінде 5-ке де, 7-ге де бөлінбейтін неше сан бар?
68 сан
Бүгінгі күн сәрсенбі болса, 2020 күннен кейін аптаның қай күні болады?
Жексенбі
Функция дегеніміз не?
Тәуелсіз айнымалының әрбір мүмкін мәніне тәуелді айнымалының бір ғана мәні сәйкес келетін тәуелділікті функция деп атайды.
Үшбұрыш дегеніміз не және оның түрлерін атаңыз
Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден және 3 кесіндіден құралған фигура.
Түрлері:
1. Тең қабырғалы, 2. Тең бүйірлі, 2.1. Тең бүйірлі тік бұрышты, 3. Тік бұрышты. 4. Әр қабырғалы үшбұрыштар
Бір терабайтта неше байт бар, неше килобайт бар?
230 килобайт, 240 байт
Бір түзудің бойында 50 нүкте бар. Осы нүктелер ұшы болатын неше кесінді салуға болады?
1225
Абай Құнанбайүлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының туған жылдарының қосындысы?
3703
y=-2x2 функциясы қай ширектерде жатады?
3,4 ширекте жатады
Үшбұрыштың екінші теңдік белгісін айтыңыз
Егер бір үшбұрыштың бір қабырғасы мен оған іргелес екі бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес қабырғасы мен оған іргелес екі бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады.
«Информатика» сөзінде неше бит бар?
88 бит
Кеме сәрсенбі күні түсте жүзуге кетті. Жүзу 100 сағатқа созылса, онда кеме қай күні, қандай сағатта оралады?
Жексенбі күні. 16:00 де
Аружан суретке қарап: «Менің қыздарым да, әпке-сіңлілерім де жоқ. Бірақ суреттегі адамның анасы менің анамның қызы»-деді. Суретте кім бейнеленген?
Аружанның ұлы