Әдебиет
Мәдениет
Абайтану
ӨЛКЕТАНУ


әлем әдебиеті

100

"Зар - заман" әдебиетінің өкілдерін атаңыз. 

Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы,Мұрат Мөңкеұлы

100

Қазақ мәдениетіндегі "сал" мен "сері" ұғымдары нені білдіреді?

Өнерлі,ел аралап ән салып,күй шерткен, сән салтанатты өмір салтын ұстанған адамдар. 

100

Абайдың "Толық адам" ілімінің негізгі үш тірегін атаңыз.

Ақыл,Қайрат,Жүрек

100

"Махаббат мұңы","Боран","Күшік күйеу" шығармаларының авторы

Тахауй Ахтанов

100

"Гамлет" шығармасындағы басты кейіпкердің әкесінің елесі не талап етеді?

Өзінің өлімі үшін кек алуды талап етеді. 

200

Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман қалай аталады және авторы кім? 

"Бақытсыз Жамал" Міржақып Дулатұлы 

200

Қазақ халқының рухани мәдениетіне нелер жатады?

ауыз әдебиеті, салт - дәстүр,әдет -  ғұрып, наным - сенім, ұлттық киім және қолөнер заттары жатады.

200

Абайдың поэзиясындағы негізгі философиялық идеяларды атаңыз. 

Адамгершілік, білімге ұмтылу,еңбек,иман,толық адам идеясы.

200

Облыстық "Оқитын Өлке" акциясына былтыр, 2025 жылы таңдалған қаламгерлер кімдер?

Тобыл Құлыяс,Үмбетай Уайдин

200

"Соғыс және Бейбітшілік" романында Наполеон соғыстары қай елде өтеді? 

Ресейде

300

Қазақ әдебиетіндегі ағартушылық бағыттың басты өкілдерін атаңыз. 

Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы,Шоқан Уәлиханов. 

300

Сақ,Ғұн дәуірлерінен қалған мәдени мұраларға не жатады?

Алтын адам, қорғандар,аң стиліндегі өнер,қару - жарақ,зергерлік өнер

300

Абай қай медреседе білім алған?

Ахмет Риза медресесі (Семейде)

300

"Мың ғасырлық Мәңгі ойынның мәні - осы.

Бояуы, тек көнерген.

Ме-ен?

....сәбимін

сенімі мен дәмесі 

өзінен Зор,

өлермін...." деген өлең шумағының авторы?

Мейірхан Ақдәулетұлы

300

"Божественная комедия" шығармасы неше бөлімнен тұрады?

3 бөлім (Тозақ,Тазарту,Жұмақ) 

авторы Данте Алигьери

400

Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде?

Мақал - қорытынды ойы бар,нақыл сөз. Мәтел -  тұжырымсыз, астарлы мағынада айтылатын тіркес.

400

Ұлттық мәдениет дегеніміз не?

Ұлттық мәдениет белгілі бір халықтың тарихы,дәстүрі, өнері,тілдік және рухани құндылықтарын қамтитын мәдение жүйе. 

400

Абайдың қай қара сөзінде ғылым-білімнің пайдасы ерекше айтылады?

7-ші қара сөзі

400

Жазушы Жиенғали Тілепбергеновтың өмірі жайлы жазылған шығарма?

Т.Құлыяс "Аңыз ізімен"

400

"Гордость и Предубеждение" романындағы басты кейіпкер қыз кім?

Элизабет Беннет (Джейн Остин)

500

Айтыс өнерінің ауыз әдебиеттіндегі орны қандай?

Айтыс суырып салма ақындық өнердің биік үлгісі, халықтың әлеуметтік ойы мен тіл байлығын көрсететін маңызды жанр. 

500

Ұлттық құндылықтар мәдениетінде тілдің орны қандай?

Тіл халықтың ой - пікірін,мәдени - мұрасын жеткізетін негізгі құрал.Ұлттық бірліктің символы. 

500

Абайдың шәкірттерінің бірі, әрі оның өмірі туралы еңбек жазған абайтанушы кім? 

Кәкітай Ысқақұлы

500

"Әлия","Бозторғай" секілді барша қазаққа белгілі әндердің өлеңін,яғни сөзін жазған Ақтөбелік ақын?

Бәкір Тәжібаев

500

"Илиада" эпосында Ахиллдің әлсіз тұсы қалай аталады?

өкшесі (Ахиллес өкшесі) авторы Гомер