Негізгі түсініктер
Термодинамикалық шамалар
термодинамиканың І бастамасы
Термохимия
Гесс заңы.Кирхгоф заңы
10

Баллондағы газ қандай термодинамикалық  жүйеге жатады?

Оқшау жүйе

10

Термодинамикалық параметрлер дегеніміз не?

Жүйе күйін сипаттайтын шамалар

10

Энтальпия мен ішкі энергия нөлден үлкен қандай процеске жатады?

Эндотермиялық процесс

10

Жылу эффектісі дегеніміз не?

Реакция нәтижесінде бөлінетін не сіңірілетін жылу мөлшері

10

Реакцияның жылу эффектісі реакция өнімдерінің қалыпты түзілу энтальпиясының қосындылары мен бастапқы заттардын қалыпты түзілу энтальпиясының қосындыларының айырылымына тең:

Гесс заңының І салдары

20

Бір немесе бірнеше бөлу беті болатын жүйе?

Гетерогенді жүйе

20

Тығыздық қандай параметр түріне жатады?

Интенсивті

20

Жұмыс дегеніміз не?

Жүйе мен қоршаған орта арасында көлем өзгерісі әсері арқылы берілетін жұмыс

20

Стандартты жағдайда жай заттардан 1 моль күрделі зат түзілу реакциясының жылу эффектісі  аталады

Стандартты түзілу жылуы 

20

 ∆Но х.р. жану =Σ ∆Но баст- Σ∆Ноөнім

Гесс заңының нешінші салдары ?

ІІ салдары

30

Химиялық термодинамика дегеніміз не?

Температура мен жылудың және жылу мен жұмыстың өзара байланысын зерттейтін ғылым

30

Жылу сыйымдылығы қандай параметр түріне жатады?

Экстенсивті

30

Термодинамиканың І бастамасын тұжырымдаңыз

Жүйеге берілген жылу оның ішкі энергиясын өзгертуге және жұмыс істеуге жұмсалады

30

Химиялық реакциялар кезінде жылудың бөлінуін немесе жұтылуын зерттейтін химияның бөлімі

Термохимия

30

Температура Температура өзгергенде реакция жылуының қалай өзгеретіні реакцияға қатысатын заттардың жылу сыйымдылықтарының айырмашылығына байланысты.

Қандай заң тұжырымдалған?

Кирхгоф заңы

40

Ішкі энергия дегеніміз не?

Денені құрайтын бөлшектердің кинетикалық және потенциалдық энергиялардың қосындысы 

40

Изотермиялық процесс дегеніміз не?

Т= const

40

Термодинамиканың І бастамасына қарапайым өмірден мысал келтіріңіз

Электр шайнегін қосу, велосипед тебу, автокөліктің жүруі т.б

40

Гесс заңын тұжырымдаңыз

Реакцияның жылу эффектісі тек бастапқы заттар мен өнімдердің табиғатына және күйлеріне тәуелді, ал реакция өтетін жолға тәуелсіз

40

Г. Гесс заңы кай жылы ашылды?

1840 ж

50

Энтальпия дегеніміз не? Оган мысал келтіріңіз

Тұрақты қысым жағдайында жүйенің жылу энергиясын сипаттайтын шама.

50

Изобаралық процестің жылу эффектісі тең

Н=Q

50

Меншікті жылу сыйымдылығы дегеніміз не?

Заттың 1 кг массасының температурасын 1 градусқа өзгерту үшін қажет жылу мөлшері

50

Гесс заңына қарапайым өмірден мысал келтіріңіз

Телефонды зарядтау: розеткадан тікелей зарядтау; Power bank арқылы зарядтау

50

Термохимиялық теңдеу дегеніміз не?

Заттардың агрегаттық күйі және реакцияның  жылу эффектісі (сінірілген немесе бөлініп шыққан) көрсетілген химиялық теңдеу