Тыныс алу жүйесі дегеніміз?
Ағзаның оттегі мен көмірқышқыл газ алмасу процессі
Тыныс алу жүйесін қалай бөлеміз?
Жоғарғы және төменгі
Мұрын қуысының қызметі?
Ауаны жылыту, шаң тозаңнан тазарту
Жұтқыншақ қызметі?
Ауа мен тамақ өтетін ортақ жол
Көмейдің қызметі?
Дыбыс шығаруға қатысады
Бронхтар неге ұқсас?
Ағаш тамырына
Тыныс алу ауруларында ең тиімді жаттығу?
Тыныс алу гимнастикасы
Өкпенің тіршілік сиымдылығы дегеніміз не?
Өкпенің максималды мөлшерде ауа жұтуы
Диафрагма дегеніміз не?
Кеуде қуысын ашуға көмектесетін бұлшық ет тобы
Өкпенің тіршілік сиымдылығы спортшыларда қанша?
3500-4500 мл
Тонзилит дегеніміз қандай ауру?
Бадамша безінің қабынуы?
Фарингит дегеніміз қандай ауру?
Жұтқыншақ қабығының қабынуы
Бронхит дегеніміз қандай ауру?
Бронхтардың қабынуы
Астма дегеніміз қандай ауру?
Бронхтардың тарылуы
Адам денесінде оттегіні тұрақты қажет ететін маңызды мүше не?
Бас миы
Тыныс алу ауруларының шұғыл кезеңіде не істеуге болмайды?
Белсенді қозғалыс, құрғақ ауа
Тыныс алу аурулары кезінде ЕДШ басты мақсаты не?
Тыныс алу функциясын жақсарту,Өкпе вентиляциясын арттыру
Өкпенің тіршілік сыйымдылығын қалай анықтаймыз?
Спиро- динамометр арқылы
Өкпені қоршап тұрған шырышты қабығын не дейміз?
Плевра қабықшасы
Ринит дегеніміз қандай ауру?
Мұрын қуысының қабынуы
Өкпедегі ауа көпіршіктерін не дейміз?
Альвеола
Тыныс алу ауруларында қандай жаттығу жасауға болмайды?
Жылдам қарқынды
Плеврит дегеніміз қандай ауру?
Өкпе қабығының қабынуы
Туберкулез ауруының вирусы?
Кох таяқшасы
Ең кең таралған тыныс ауруларының тобы?
Инфекциялық аурулар