Мақал-мәтелдер
Жұмбақ
Би-шешендер
Тұрақты сөз тіркестері
Қанатты сөздер
10

Ақыл көпке жеткізер,


Өнер көкке жеткізер.

10

Ойдың аяқталуын күтпейді,
Оны қойсаң, сөйлем бітпейді.


Үтір

10

Шешендік сөздер мазмұнына қарай нешеге бөлінеді?

Шешендік сөздер мазмұнына қарай3-ке бөлінеді:

1) шешендік арнау;

2) шешендік толғау;

3) шешендік дау.

10

"Қырғи қабақ болу" тұрақты сөз тіркесінің мағынасы -

араздасу, ренжісу

10

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, таңырқа!

Адамдықты көздесең,

Жаттап, тоқы көңілге!

Қанатты сөзге айналған өлеңнің  авторы кім?

Сұлтанмахмұт Торайғыров

20

Көп жасаған білмейді,


Көпті көрген біледі.

20

Мұздай мөлдір жұмыртқа,
Жарық берер ымыртта.


Электр шамы

20

Ол (ХІ-ХІІғғ.) - тарихта болған адам. Шыңғыс ханға кеңесші болған, бытыраңқы қазақ руларын құрап, қазақ рулары мен ұлыстарының таңбаларын тасқа қашатып, ұрандарын белгілеп берген қоғам қайраткері.  "Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - ... ..." дейтін нақыл сөз қалған.

Майқы би

20

"Ат төбеліндей" тұрақты сөз тіркесінің мағынасы

 азғантай

20

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан!

Абай Құнанбайұлы

30

Жасыңда жалықпасаң,


Қартайғанда тарықпайсың.

30

Тілден ұшып,
Құлаққа қонады.


Сөз

30

Ол өз заманында "ердің құнын бірауыз сөзбен шешкен сұңғыла би", келер күнді айнытпай болжайтын сәуегей жырау ретінде танылған.

Оны тіпті француз сәуегейі Мишель де Нострадамуспен салыстырып жатады. Бұл кім?

Мөңке би

30

"Сүттен ақ, судан таза" тұрақты сөз тіркесінің мағынасы

кіршіксіз, ешбір кінәсіз

30

Адамдық борышың -

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта, оны біл.

Талаптан да, білім мен өнер үйрен,

Білімсіз, өнерсіз,

Болады ақыл тұл.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

40

Анаңа ауыр сөз айтпа!

Атыңа ауыр жүк артпа!

40

Бірі үй күзетіп қалса да,
Бірі жүрер қалтада.


Құлып пен кілт

40

Әнет Баба. Не арсыз, Не ғайып, Не даусыз?

Ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз

Ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып

Мінез даусыз, кәрілік даусыз, ажал даусыз.

40

"Санын соғып қалу" тұрақты сөз тіркесінің мағынасы 

 өкіну

40

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!

Мағжан Жұмабаев

50

Аға алдында пейіліңді көрсет,


Іні алдында мейіріңді көрсет.

50

Көрінбейді өзі,
Естіледі сөзі.

Радио дикторы

50

Бала би мен Сырым

Балай Би:

Сөз анасы не?

Су анасы не?

Жол анасы не?

Сырымның жауабы қандай?

Сөз анасы - құлақ,

Су анасы - бұлақ,

Жол анасы- тұяқ.

50

"Ағаштан түйін түйген" тұрақты сөз тіркесінің мағынасы

шебер

50

Таза мінсіз асыл тас

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз

Ой түбінде жатады.

Асан қайғы