І
ІІ
ІІІ
ІV
V
100

Отбасылық бюджет дегеніміз не?

Отбасының белгілі бір уақыттағы (айлық) табысы мен шығысының жоспары.

100

Айлық табысқа не жатады?

Жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, қосымша табыс.

100

Коммуналдық төлемдер бюджетте қай бөлімге жатады?

Міндетті шығындар.

100

Азық-түлікке жұмсалатын ақша қандай шығын?

Күнделікті шығын.

100

Қалта ақшасы бюджетке кіре ме?

Иә, ол шығын.

200

Ақшаны алдын ала жоспарлау не үшін керек?

Артық шығындалмау үшін.

200

Отбасының табысы 300 000 тг, шығыны 250 000 тг. Қанша ақша қалады?

50 000 тг.

200

Жинақ қоры не үшін қажет?

Төтенше жағдайға.

200

Отбасында 4 адам бар. Азық-түлікке 120 000 тг жұмсалады. Бір адамға қанша теңге?

30 000 тг.

200

Міндетті шығындарды ата.

Тұрғын үй ақысы, коммуналдық төлем.

300

Отбасының табысы 400 000 тг. Оның 10%-ын жинаққа салса, қанша теңге болады?

40 000 тг.

300

Шығын табыстан асып кетсе, қандай шешім қабылдау керек?

Шығынды қысқарту немесе табысты арттыру.

300

Бюджетте “қалаулы шығын” деген не?

Міндетті емес, бірақ қажет деп саналатын шығын.

300

Бюджет жүргізу баланы неге үйретеді?

Жауапкершілік пен үнемшілдікке.

300

Отбасында 30 000 тг ғана қалды.
Алда екі мүмкіндік бар:

  • Балаға киім – 25 000

  • Жинаққа салу – 30 000

Сұрақ:
Қандай шешім қаржылық тұрғыдан тиімді? Неге?

Жағдайға байланысты, бірақ жинаққа салу тиімді,
ал киімді келесі айға қалдыруға болады (шұғыл емес).

400

Отбасының айлық табысы – 350 000 тг.
Шығындары:

  • Коммуналдық – 60 000

  • Азық-түлік – 140 000

  • Несие – 70 000

  • Көлік – 40 000

  • Қалта ақшасы – 50 000

Сұрақ:
1️⃣ Ақша жетті ме?
2️⃣ Егер жетпесе, қанша теңге жетпейді?
3️⃣ Қай шығынды қысқартуға болады?

  1. Жетпейді

  2. Шығын = 360 000 → 10 000 тг жетіспейді

  3. Қалта ақшасын немесе көлік шығынын

400

Отбасы ай сайын табысының 12%-ын жинақтайды.
Айлық табыс – 420 000 тг.

Сұрақ:
1️⃣ Бір айда қанша теңге жинайды?
2️⃣ 6 айда қанша болады?

  • 50 400 тг

  • 302 400 тг

400

Айлық табыс – 300 000 тг.
Ереже:

  • 50% – қажетті шығын

  • 30% – қалаулы шығын

  • 20% – жинақ

Сұрақ:
Әр бөлікке қанша теңге бөлінеді?

  • Қажетті – 150 000

  • Қалаулы – 90 000

  • Жинақ – 60 000

400

1-отбасы:
– Жинақ жоқ, бірақ табысы көп

2-отбасы:
– Табысы аз, бірақ ай сайын жинақ бар

Сұрақ:
Қай отбасының қаржылық жағдайы тұрақты? Неге?

2-отбасы – себебі қаржылық қауіпсіздігі бар.

400

Отбасы бюджет жасаған, бірақ ай соңында ақша жетпейді.

Сұрақ:
3 мүмкін қатені ата.

– Артық шығын есептелмеген
– Жоспар орындалмаған
– Күтпеген шығын ескерілмеген