Салалас құрмалас сөйлемнің 6 түрін атаңыз
Ыңғайлас, қарсылықты, талғаулы, түсіндірмелі, кезектес, себеп-салдар
Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің анықтамасы.
Құрамандағы жай сөйлемдері іс-әрекет, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін, тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрін кезектес салалас құрмалас сөйлем дейміз.
Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің анықтамаы?
Құрмалас сөйлем құрамындағы тең дәрежеде байланысқан екі жай сөйлемде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана орындалатынын білдіретін салалас түрін талғаулы салалас құрмалас сөйлем дейміз.
Қарсылықты салаластың анықтамасы?
Бір-біріне қарсы мағынада салаласып құрмаласкан жай сөйлемдер қарсылықты салалас құрмалас сөйлем деп аталады.
Ыңғайлас салаластың анықтамасы?
Құрамындағы жай сейлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуы ыңңайлас салалас деп аталады.
Қарсылықты салаластың жалғаулық шылаулары
Бірақ, алайда, дегенмен
Талғаулы салаластың жалғаулық шылаулары
не, немесе, яки болмаса
Ыңғайлас салалас қандай жалғаулықтар арқылы жасалады?
және,әрі, да, де, та , те
Кезектес салаластың жалғаулыш шылаулары
Кейде, бірде, біресе
Себеп-салдар салаластың жалғаулық шылаулары қандай?
Өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, сол себепті т.б
Жаны шығып кете жаздады, өйткені оның қолынатүскен ыдыс сау қайтқан емес.
Салаластың қай түрі?
Сеьеп-салдар
Алдымызда, жүз саржан шамасында, Есімбектің үйі тұр, бірақ Шұға көрінбейді (Б.М.).
Салаластың қай түрі
Қарсылықты
Түбінде, бұл ең бері салғанда, ғылымның бір маманы болады, әйтпесе, көрерсің, осыдан дыңдай академик шығады (С.М).
Салаластың қай түрі
Талғаулы
Кейде екі салт қатар аяңдайды да, кейде бірі екі атты жетелеп, бірі артынан айдайды (Ғ.М.).
Салаластың қай түріКезектес
Қазан бүлк-бүлк қайнап жатыр әрі ішіндегі жылқы етінің исі бұрқырайды.
Салаластың қай түрі?
Ыңғайлас
Алдымызда, жүз саржан шамасында, Есімбектің үйі тұр,- Шұға көрінбейді (Б.М.)
қарсылықты жалғаулықты салаласқа айналдырыңыз
Алдымызда, жүз саржан шамасында, Есімбектің үйі тұр, бірақ Шұға көрінбейді (Б.М.)
Әй, ол жеңер сені, – келешек оныкі ғой.
Жалғаулықты салаласқа айналдырңыз
Әй, ол жеңер сені, өйткені(себебі) келешек оныкі ғой.
Болат үйдегілермен қоштасты, атының басын орманға қарай бұрып кетті.
Жалғаулықты салаласқа айналдыр
Болат үйдегілермен қоштасты да атының басын орманға қарай бұрып кетті.
Жаугершілікте ата-анасы басқа жаққа ауып кетті, бала менің қолымда қалды.
ыңғайлас жалғаулықты салаласқа айналдырыңыз
Жаугершілікте ата-анасы басқа жаққа ауып кетті де, бала менің қолымда қалды.
Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал
Қарсылықты жалғаулық салаласқа айналдыр
Қонағыңның алтынын алма бірақ алғысын ал
Өз жөні бар әркімнің: аққу-көкте, көбелек - шөпте
жалғаулықсыз салаластың қай түрі
Түсіндірмелі
Қылыш жарасы бітер, сөз жарасы бітпес
Жалғаулықсыз салаластың қай түрі
Қарсылықты
Қадірдің киімі жұқа, денсаулығы да жақсы емес.
Жалғаулықты ыңғайласқа айналдырыңыз
Қадірдің киімі жұқа әрі(және) денсаулығы да жақсы емес.
Тілеуімбеттің менсінбегені Мүсірепке де батып кеткен екен, – ол сөз аяғында бидің өзін де түйрей кетті.
Жалғаулықсыз салаластың қай түрі?
Себеп-салдар
Біз ауылға жаяу тарттық: көлік жүре алмайтын тар жол бізге басқа амал қалдырмады.
жалғаулықсыз салаластың қай түрі
Себеп-салдар