1
Информатика дегеніміз не?
Информатика – ақпаратты сақтау, өңдеу, жеткізу және пайдалану заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Жедел жадтың (RAM) қызметі қандай?
Уақытша ақпаратты сақтау.
Ақпарат деген не?
Ақпарат – қоршаған орта туралы мәлімет.
Компьютердің негізгі құрылғылары қандай?
Жүйелік блок, монитор, пернетақта, тінтуір.
Ақпараттың өлшем бірлігі қандай?
Бит, байт, килобайт, мегабайт, гигабайт.
Процессордың қызметі қандай?
Ақпаратты өңдеу және басқару.
Тұрақты жадқа не жатады?
Қатты диск, флеш-жад.
Бағдарлама деген не?
Компьютерге арналған командалар жиынтығы.
Операциялық жүйе деген не?
Компьютердің барлық құрылғылары мен бағдарламаларын басқаратын жүйе.
Файл деген не?
Компьютерде сақталатын ақпарат бірлігі.