Толық емес доминанттылықта F₂ фенотиптік қатынас қандай?
Жауап: 1 : 2 : 1.
Моногибридті будандастыру деген не?
Бір ғана белгі бойынша айырмашылығы бар дараларды будандастыру.
Неліктен талдаушы будандастыруда міндетті түрде рецессивті гомозигота қолданылады?
Жауап: Өйткені ол өз белгісін «жасырмайды», нәтижеге тек зерттелетін дараның гендері әсер етеді.
Толық доминанттылық дегеніміз не?
Гетерозиготада доминантты белгі толық көрінеді.
Толық емес доминанттылық деген не?
Гетерозиготада аралық фенотип пайда болады.
Гамета тазалық заңы қай кезеңде іске асады және оның мәні неде?
Жауап: Мейоз кезінде; аллельдер ажырап, әр гаметаға бір ғана аллель түседі.
Толық доминанттылықта F₂ фенотиптік қатынас қандай?
Жауап: 3 : 1.
Гамета тазалық заңы нені білдіреді?
Жауап: Әр гаметада жұп аллельдің тек біреуі ғана болады.
Гетерозиготалы дара (Aa) мен рецессивті гомозигота (aa) будандастырылды. Ұрпақтың фенотиптік қатынасы қандай болады?
1 : 1 (жартысы доминантты, жартысы рецессивті).
Талдаушы будандастыру дегеніміз не?
Жауап: Белгісіз генотипті дараны рецессивті гомозиготамен шағылыстыру
Талдаушы будандастыру не үшін қолданылады?
Белгісіз дараның генотипін анықтау үшін.
Егер F₂ ұрпақта фенотиптік қатынас 1 : 2 : 1 болса, бұл қандай доминанттылық түрі?
Толық емес доминанттылық.
Моногибридті будандастыруда F₁ ұрпағы қандай болады?
Жауап: Барлығы біркелкі гетерозиготалы болады.
Егер F₂ ұрпақта фенотиптік қатынас 1 : 2 : 1 болса, бұл қандай доминанттылық түрі?
Жауап: Толық емес доминанттылық.
Белгісі доминантты екі дара будандастырылды. Ұрпақта рецессивті фенотип пайда болды. Ата-аналардың генотипін анықта.
Екеуі де гетерозигота: Aa × Aa, өйткені тек осы жағдайда ғана F₂-де рецессивті aa пайда болады (қатынасы 3 : 1).