Арифметикалық орта
Геометриялық және гармониялық шамалар
Мода және медиана
Логикалық есептер
Статистикалық парадокстар
100

Арифметикалық ортаның негізгі қасиеті: Барлық варианттардың орташа мәннен ауытқуларының қосындысы неге тең?

0

100

Егер көрсеткіштердің өсу қарқыны (инфляция, халық саны) есептелсе, қай орта шама қолданылады?

геометриялық

100

Жиынтықта ең жиі кездесетін мән қалай аталады?

Мода

100

Бес студенттің орташа балы — 4,0. Егер тағы бір студент 5,0 алса, жаңа орташа бал қандай болады?

(4x5+5)/6=4,17

100

Егер бөлмеге әлемдегі ең бай адам (мысалы, Илон Маск) кіріп келсе, сол бөлмедегі адамдардың қай көрсеткіші күрт өседі: Арифметикалық орта ма, әлде Медиана ма?

Арифметикалық орта

200

Егер жиынтықтағы әрбір санды 5-ке көбейтсек, олардың арифметикалық ортасы қалай өзгереді?

5 есе артады

200

4 және 16 сандарының геометриялық ортасын табыңыз.

8

200

Реттелген қатардың (1, 3, 5, 8, 10, 12) медианасын табыңыз

6,5

200

1, 10, 100 сандарының геометриялық ортасы неге тең?

10

200

«Мөлдір көлдің орташа тереңдігі — 0,5 метр, бірақ сол көлге сиыр батып кетті». Бұл қалжың орташа мәннің қай кемшілігін меңзеп тұр?

Орташа мән ауытқулар (вариация) туралы ақпарат бермейді. Көлдің бір жері өте таяз, бірақ бір жері өте терең (выброс) болуы мүмкін.

300

Егер орташа мән {x} = 50, ал бақылаулар саны n = 20 болса, барлық мәндердің қосындысы  x_i неге тең?

1000

300

Автомобиль жолдың екі тең бөлігін әртүрлі жылдамдықпен (v_1, v_2) жүріп өтсе, орташа жылдамдық қай формуламен есептеледі?

гармониялық

300

Егер қатарда екі мода болса (мысалы, ең көп кездесетін екі бөлек сан), мұндай таралу қалай аталады?

бимодальды

300

Пирссонның эмпирикалық формуласы бойынша (орташа асимметрия үшін): Орташа мән мен Моданың айырмашылығы Орташа мән мен Медиана айырмашылығынан неше есе үлкен?

3 есе үлкен

300

Екі университет (А және Б) арасында студенттер алмасуы болды. Бір студент А университетінен Б университетіне ауысты. Нәтижесінде екі университеттің де студенттерінің орташа бойы өсті.Сұрақ: Бұл математикалық тұрғыдан мүмкін бе? Егер мүмкін болса, бұл қалай болғаны?

Бұл жағдай ауысқан студенттің бойы келесідей болғанда орындалады:Ол студент А университетіндегі орташа бойдан кіші болуы керек (ол кеткенде, қалғандардың орташа көрсеткіші көтеріледі).Сонымен бірге, оның бойы Б университетіндегі орташа бойдан үлкен болуы керек (ол келгенде, жаңа топтың орташа көрсеткішін жоғары тартады).