Негізгі түсініктер
Термодинамикалық шамалар
Термодинамиканың І бастамасы
Гесс заңы
Ерекше сұрақтар
10

Баллондағы газ қандай термодинамикалық  жүйеге жатады?

Оқшау жүйе

10

Термодинамикалық параметрлер дегеніміз не?

Жүйе күйін сипаттайтын шамалар

10

Энтальпия мен ішкі энергия нөлден үлкен қандай процеске жатады?

Эндотермиялық процесс

10

Реакцияның жылу эффектісі реакция өнімдерінің қалыпты түзілу энтальпиясының қосындылары мен бастапқы заттардын қалыпты түзілу энтальпиясының қосындыларының айырылымына тең:

Гесс заңының І салдары

10

Бірдей мөлшердегі ағаш қалдығын бірден жақсақ та немесе алдымен көмірге айналдырып, сосын жақсақ та, соңында бөлінетін жалпы жылу мөлшері неге бірдей болады?

Себебі Гесс заңы бойынша реакцияның жылуы оның жолына немесе сатыларына тәуелді емес, тек бастапқы зат пен соңғы өнімге байланысты.

20

Бір немесе бірнеше бөлу беті болатын жүйе?

Гетерогенді жүйе

20

Тығыздық қандай параметр түріне жатады?

Интенсивті

20

Жұмыс дегеніміз не?

Жүйе мен қоршаған орта арасында көлем өзгерісі әсері арқылы берілетін жұмыс

20

 ∆Но х.р. жану =Σ ∆Но баст- Σ∆Ноөнім

Гесс заңының нешінші салдары ?

ІІ салдары

20

Көлік қозғалтқышында бензин толық жанбай, улы иіс газы (CO) түзілді. Ол кейін атмосферада CO2-ге дейін тотығады. Осы екі сатының жылуларын қоссақ, бензиннің толық жану жылуын аламыз ба?

Иә. Гесс заңы бойынша аралық сатылардың (улы газдың түзілуі және оның тотығуы) жылуларының қосындысы жалпы жану жылуына тең.

30

Химиялық термодинамика дегеніміз не?

Температура мен жылудың және жылу мен жұмыстың өзара байланысын зерттейтін ғылым

30

Жылу сыйымдылығы қандай параметр түріне жатады?

Экстенсивті

30

Термодинамиканың І бастамасын тұжырымдаңыз

Жүйеге берілген жылу оның ішкі энергиясын өзгертуге және жұмыс істеуге жұмсалады

30

Гесс заңының 1- және 2- салдары қашан қолданылады?

1-салдар: көптеген бейорганикалық реакцияларда.

2-салдар: органикалық заттардың жануында.

30

Пластик бөтелкені зауытта жоғары температурада ыдыратып, одан газ алып, сол газды жағып энергия алдық. Бөлінген жалпы энергия мөлшері пластикті калориметрде бірден жаққанмен бірдей ме?

Иә, бірдей. Процесс қаншалықты күрделі болса да, бастапқы пластик пен соңғы өнім (CO2, H2O) өзгермесе, энергия мөлшері тұрақты қалады.

40

Ішкі энергия дегеніміз не?

Денені құрайтын бөлшектердің кинетикалық және потенциалдық энергиялардың қосындысы 

40

Изотермиялық процесс дегеніміз не?

Т= const

40

Термодинамиканың І бастамасына қарапайым өмірден мысал келтіріңіз

Электр шайнегін қосу, велосипед тебу, автокөліктің жүруі т.б

40

Гесс заңы қай жылы ашылды?

1840 жылы

40

Өсімдік фотосинтез кезінде 100 кДж күн энергиясын жұтты делік. Егер сол өсімдік шіріп, қайтадан бастапқы қалыпқа (CO2 және суға) айналса, қоршаған ортаға қанша жылу бөлінеді?

100 кДж. Энергияның сақталу заңы мен Гесс заңы бойынша, жұтылған энергия мен бөлінген энергияның мәні (таңбасынан басқасы) бірдей болады.