6 аяғы бар, бірақ тұяғы жоқ, мүйізі бар, бірақ сиыр емес, қанаты бар, бірақ құс емес. Бұл не?
Қоңыз
Шегірткенің есту мүшесі қайда орналасқан?
Аяғында
Қыналар неге қалада өспейді?
Қына - таза ауа индикаторы
Біз бұл элементтің қосылысымен тақтада жазамыз
Са
Қалақайдағы органикалық қышқыл
Құмырсқа қышқылы
Бактерицидтік қасиетке ие металл
Күміс
Қанаты қабыршақтармен қапталған құс
Пингвин

Орманда папоротниктер көптеп өсті. Ағаштарды кесіп тастағасын папоротниктер де жойылды. Неге?
Папоротниктер - көлеңке сүйгіш
Теңіз балдырларында болатын элемент
Йод
Қандай су тыныс алу кезінде лайланады?
Әк суы (кальций гидрооксиді)
Қай металды "ұшатын металл" деп атайды?
Алюминий
Қай жануардың тілі денесінен ұзын?
Құбылғы (хамелеон)
Кесіртке ыстық күндері белсенді, ал салқын күндері белсенді емес. Бұл неге байланысты?
Кесіртке - салқынқанды.
Металдардың патшасы алтынды ерітетін "патша арағының" құрамындағы қышқыл
Тұз қышқылы, азот қышқылы (1 дұрыс жауап саналады)
Қай қышқылды ішуге болады?
Көмір қышқылы
Көмірдің жануы нәтижесінде қандай мұз алынады?
Құрғақ мұз
Жер бетіндегі биомассаның 70 пайызын құрайтын ағзалар
Бактериялар
Неге құстар құмда шомылады?
Паразит пен кенеден тазару үшін
Мұнайдың формуласы
Формуласы жоқ
Керосинді неге сумен сөндіруге болмайды?
Керосиннің тығыздығы судан төмен
Бақада неше мойын омыртқасы бар?
Біреу
Түнде ашылатын гүлдердің күлтелері неге ақ түсті болады?
Түнде бунақденелерге жақсы көріну үшін
Неге қарлығаш, қараторғай жылы жаққа ұшып кетеді, ал торғай, қарға қалады?
Қарлығаш пен қараторғай жәндікпен қоректенеді, ал торғай мен қарға талғаусыз қоректенетіндерге жатады
Найзағай кезінде түзілетін қышқыл
Азот қышқылы
Қандай спирт негіз болып табылады?
Мүсәтір спирті