Бездер дегеніміз не?
Безді эпителий жасушаларынан тұратын мүшелер.
Бездердің ішінде түзілетін заттарды және бөлетін заттарды не деп атайды?
Секреция және секрет
Безді эпителий жасушаларынан түзілген секреттердің қайда бөлінуіне байланысты бездерді қанша топқа бөледі?
Үш
Секреция түзілген соң қандай жасушалар арқылы бөлінеді?
Безді эпителий жасушалары
Сыртқы секреция бездері (экзокринді) дегеніміз не?
жасушаларында түзілген сұйықтық арнайы өзекшелер арқылы қуыс мүшелерге немесе сыртқа шығарылатын бездер
Ішкі секреция бездер (эндокринді) дегеніміз не?
сөл бөліп шығарушы өзегі болмайтын, сондықтан ол тікелей қанға бөлетін бездер
Аралас секреция бездері дегеніміз не?
бір мезгілде қанға гормондар, өзектерге сөл бөлетін бездер
Гормондар арқылы реттелу не деп аталады?
Реттелудің бұл түрі гуморальды деп аталады
Сыртқа бөліп шығарушы мүшелерге жатады?
бауыр, сүт, тер, сілекей, май бездері мен қарын және ішек бездері (асқорыту) жатады
Ішкі секреция бездеріне жатады?
гипофиз, эпифиз, қалқанша безі, қалқаншамаңы бездері, айырша без және бүйрекүсті бездері жатады
Аралас секреция бездеріне жатады?
ұйқы безі мен жыныс бездері
Көңіл күй гормоны? Және оның әсері
Адреналин, жүректің соғу жиілігін арттырады
Сыртқы секреция бездерінен бөлінетін секреттер адам мүшелеріне өзгеріс алып келеме?
жоқ
Ішкі секреция бездері қанша мөлшерде бөлінеді және оның әсері қандай?
Олар өте аз мөлшерде бөлінеді, бірден бірнеше мүше және ұлпаға әсер көрсете алады.
Ұйқы безі қандай гормон және сөл бөледі?
қанға инсулин, глюкагон гормондарын бөледі, ал сөл ұйқыбез сөлі (панкреатин) өзекшесі арқылы тікелей ұлтабарға құйылады.
Ағзаның және жасушалар тобының қызметін өзгертетін, бір мезгілде бірнеше үдеріске әсер ететін арнайы заттар?
Гормондар
Сыртқы секреция бездері бөлетін секретті не деп атайды? Мысал келтір
Сөл, мысалы асқорыту сөлі
Ішкі секреция бездерінің 3 белгісі:
1) сөл бөліп шығаратын өзегі болмайды; 2) сөлі тікелей қанға бөлінеді; 3) оның сөлін гормондар деп атайды.
Әйелдер мен ерлердің жыныс бездерін ата?
Әйелдерде: аналық жұмыртқа бездері; ерлерде: аталық бездер
Нейрогуморальды жолмен реттелу деген не?
Ағзаның барлық мүшелерінің жұмысына эндокриндік және жүйке жүйесі бірлесіп әсер беруі