Импульс сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді ?
Соққы
Механикалық жұмыстың формуласы.
W = F s cosα
Гармоникалық тербелістер дегеніміз не?
Дененің тепе-теңдік күйден ығысуы синус (косинус) заңымен өзгеретін тербелістер.
Маятниктердің қандай түрлерін білесің? Анықтамаларын ата.
Математикалық маятник – созылмайтын салмақсыз ұзын жіп және оған ілінген кішкентай ауыр шардан тұратын жүйе . Серіппелі маятник – серіппе және оған бекітілген жүктен тұратын жүйе.
Қарапайым гармоникалық тербелістерге мысалдар келтір
Серіппеге ілінген жүктің тербелісі; Математикалық маятник; Сағат маятнигі; Гитара немесе домбыра ішегінің тербелісі.
Дене импульсінің формуласы және оның өлшем бірлігі қандай?
p = mv
кг · м/с
Потенциалдық; кинетикалық энергиялардың формуласы
Eп = mgh
Eк = mv2/2
Гармоникалық тербелістің қозғалыс теңдеулерін ата.
x = A sin (ωt)
x = A cos (ωt)
Маятниктердің тербеліс периодының формулаларын ажыратып, ата.
T=2π√(l / g) - математикалық маятник
T=2π√(m / k) - серіппелі маятник
Еркін және еріксіз тербелістердің айырмашылығын түсіндір.
Дене бір рет қозғалысқа келтіріліп, одан кейін сыртқы күш әсер етпей, өздігінен тербелсе — еркін тербеліс. Егер тербеліп тұрған денеге сырттан күш қайта-қайта әсер етіп тұрса, онда бұл — еріксіз тербеліс.
Импульстің сақталу заңы қалай тұжырымдалады?
Тұйық жүйеде денелердің әрекеттескенге дейінгі және әрекеттескеннен кейінгі импульстерінің векторлық қосындысы өзгермейді.
Энергия деген не? Оның өлшем бірлігі қандай ?
Дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын шама. [ Джоуль ]
Амплитуда дегеніміз не ? ХБЖ-де өлшем бірлігі қандай ?
Тербелмелі қозғалыстағы дененің тепе-теңдік қалыптан максимал ауытқуы.
Метр [м]
Маятниктердің циклдік жиілігінің формулаларын ата.
ω = √(g / l) - математикалық маятник
ω = √(k / m) - серіппелі маятник
Маятниктер үшін жүйенің потенциалдық энергияларын ата.
Eп=mgh ; Eп=kA2/2
Серпімді және серпімсіз соқтығысудың айырмашылығы неде?
Серпімді соқтығысуда денелердің толық импульсі мен толық механикалық энергиясы сақталады, тек жылдамдықтарының бағыты мен мәні өзгереді. Серпімсіз соқтығысуда импульс сақталады, бірақ механикалық энергия толық сақталмайды, оның бір бөлігі жылу, дыбыс және ішкі энергияға айналады.
Энергияның сақталу заңын тұжырымда.
Үйкеліс күшін ескермегенде, денелер арасында тек қана ауырлық күші мен серпімділік күші әрекет еткенде, тұйық жүйенің толық механикалық энергиясы сақталады.
Циклдік жиілік дегеніміз не? Формуласы, өлшем бірлігі қандай ?
Тербелмелі жүйенің 2π секундтағы (6,28 с) толық тербеліс санына тең шама. ω = 2πf = 2π/Т Өлшем бірлігі: рад/с
Серіппе қатаңдығы 4 есе артса, период қалай өзгереді?
Период 2 есе азаяды.
Тепе-теңдік қалыпта маятниктің толық энергиясы неге тең болады ? Неліктен ?
Тепе-теңдік қалыпта жылдамдық максимал мәнге ие болады, яғни толық энергия кинетикалық энергияға тең, потенциалдық энергия нөлге тең.
Мылтық атылған кезде ол қай бағытта қозғалады? Оқ ше? Неліктен? Қандай заңмен түсіндіріледі?
Мылтық атылған кезде оқ алға қарай қозғалады, ал мылтық кері бағытта (артқа қарай) тебіледі. Бұл құбылыс импульстің сақталу заңы арқылы түсіндіріледі: тұйық жүйеде толық импульс өзгермейді. Атқанға дейін жүйенің импульсі нөлге тең болғандықтан, оқ алға импульс алса, мылтық оған тең, бірақ қарама-қарсы бағыттағы импульс алады.
Денеге әсер етуші күш пен орын ауыстыру перпендикуляр болса, жұмыс атқарыла ма ? Атқарылса қандай оң ба теріс па ?
α = 90° болса → cos90° = 0
Жұмыс нөлге тең болады, яғни жұмыс атқарылмайды.
Гармоникалық тербелісте жүйенің максимал жылдамдығы мен үдеуінің формуласын ата, өлшем бірліктері қандай?
vmax=Aω [ м/с] ; amax=Aω2 ; amax=vmaxω [ м/с2 ]
Егер математикалық маятникті Жер бетінен Юпитерге апаратын болса оның тербеліс периоды арта ма әлде кеми ме? Юпитерде g=23,95 м/с2.
период кемиді.
Маятникті тепе-теңдік қалыптан ауытқытайық. Жер бетінен көтерілу биіктігі артқандықтан, жүйе қандай энергияға ие болады? Қай энергия түрі жойылады?
Жүйе потенциалдық энергияға ие болады. Онда толық механикалық энергия потенциалдық энергияға тең болады да, жылдамдығы мен сәйкесінше кинетикалық энергиясы нөлге айналады.