жігіт жағынан келген қалыңмал мөлшеріне шамалас, кейде одан да асып түсетін, ұзатылатын қызға берілетін мал-мүлік.
Жасау
Қазақ халқының Жаңа жылы?
Наурыз
Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?
Үшеу
Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді.
Арқан тартыс
Қазақ хандығы қашан құрылды?
1465
құдалар арасында жасалатын дәстүрлі кәденің бірі.
Киіт
ҚР мемлекеттік рәміздерінің күні
Маусымның 4і
Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?
Егер оны мұз етіп қатырса
баланы жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейтін ұлттық спорт түрі
Асық ойындары
Қазақтың соңғы ханы
Кенесары
Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.
Тұсаукесер
Республика күні
25 Қазан
Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?
Екі сағат
спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі (екі салт атты бір-бірін аттан аударып алуға тырысады).
Аударыспақ
Абайдың туған жылы?
1845
Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі.
Базарлық
Оқытушы күні
Қазанның 1-ші жексенбісі
Мектепте төрт жүз оқушы бар. Олардың ең болмағанда екеуі бір күнде туғанын дәлелдеңіз.
365 күн бар
аттылы адамдардың сойылған ешкіні тартысып ойнайтын ойын түрі.
Көкпар
….. бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді.
2010 жыл,10 Мамыр
Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, "жолаушылардың жолда басы ауырмасын, ……… жаса" дейді.
Бастаңғы
Абай күні
10 Тамыз
3 кәмпит және 2 шоколад 29 теңге тұрады. 4 кәмпит және 1 шоколад 27 теңге тұрады. 1 кәмпит қанша теңге тұрады? 1 шоколад қанша теңге тұрады?
1 кәмпит - 5тг, 1 шоколад - 7тг
Ойынға 21 асық қажет. Жиырма асық біркелкі, ал жиырма бірінші асық қалған асықтардан кішірек болғаны абзал. Осы кішірек асықты Хан сайлайды. Басқа асықтардан ерекшеленіп тұруы үшін хан әдетте қынамен қызыл түске боялған болады.
Хан талапай
Алаш автонгмиясы қашан құрылды?
1917