1-баған
2-баған
100

Оразақын Асқар қашан және қай жерде дүниеге келген?

Оразақын Асқар 1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағындағы Мүкей-Қаратас ауылында дүниеге келген.

100

Ақын 1951 жылы қай оқу орнына түсті?

1951 жылы Үрімші қаласында ашылған Ұлттар институтының тіл және әдебиет факультетіне түсті.

200

Оразақын Асқар қай руынан шыққан?

 Ол Суан руынан шыққан.

200

Оразақын Асқар қай газет редакциясында қызмет атқарды?

Ол «Шыңжаң газеті» редакциясында қызмет атқарды.

300

Ақынның алғашқы білім алған мектебі қалай аталады?

 Ол бастауыш білімді Сарыбұлақ мектебінде алған.

300

Ақын Қазақстанға қай жылы көшіп келді және қай университетті бітірді?

Ол 1955 жылы Қазақстанға көшіп келіп, 1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді.

400

Оразақын Асқар гимназиялық білімін қай жерде жалғастырды?

 Ол Құлжа қаласындағы «Білім жұрты» деп аталатын гимназияда оқыды.

400

Оразақын Асқардың қандай белгілі жинақтары бар?

 Оның «Тұңғыш», «Мейірім», «Күнгей», «Ләйла», «Көкорай», «Балқарағай», «Сәулет», «Белжайлау», «Өркеш», «Керімсал», «Орбұлақ», «Тәуелсіздік тартулары» сияқты көптеген өлең жинақтары жарық көрген.