Логика
Дәстүр
Жұмбақ
Музыка
Музыка
100

Бір бөлмеде 3 шам жанып тұр. Сен олардың екеуін өшірдің.

Бөлмеде қанша шам қалды?

3 шам қалды

100

Жаңа көрші көшіп келгенде көрсетілетін қазақтың қонақжайлылық дәстүрі қалай аталады?

Ерулік

100

Қауын, қарбыз дей алмайсың,


Піскенмен, жей алмайсың.


Жарғаныңмен, қап-қатты,


Ал асқанда, тәп-тәтті.

Асқабақ

100

18 Мне уже авторы кім?

Руки Вверх

100

Балауса қыз едің бір кезде

Шашыңа ақ бантик байлаған

Өзгеріп кетіпсің бұл күнде

Көркіңе көз тастап ойланам


Қайырмасы:

Нұрлы бейнең қандай жарқын

Арманысың қандай жанның

Шынарым-ай

Сен, мөлдірсің, еркем

Тау бұлағындай

Жол жатыр шақырып алдыңда

Өмір тұр ұсынып шаттығын

Білмеймін ержетіп қалдың ба

Шашыңда ақ бантик жоқ бүгін


Қайырмасы:

Нұрлы бейнең қандай жарқын

Арманысың қандай жанның

Шынарым-ай

Сен, мөлдірсің, еркем

Тау бұлағындай

200

Қай нәрсе сынбайды, бірақ оны айтсаң бұзылады?

Тыныштық

200

Қалжа дегеніміз не?

Босанған әйелдің денсаулығын қалпына келтіру, күш-қуатын арттыру және жаңа туған нәресте мен ананың амандығы үшін жасалатын дәстүрлі ас-тағамдық рәсім.

200

Көзге ілінбейді,


Жұтсаң білінбейді.

Ауа

200

Мына әннің аты қандай және авторы кім?

Белые роза-Ласковый май

200

Өзіңмен Арыстың

Бойында таныстым

Жайнаған гүлдей құрбым сен

Жағада тұрдың сен


Қайырмасы:

Жаз еді күлкің де

Қайдасың бұл күнде?

Сені іздеп арманым

Сыр бойын шарладым

Алдыңда бір бақыт

Тұрғандай тіл қатып

Толқынға қарап ойлана

Әндеттің жай ғана


Қайырмасы:

Жаз еді күлкің де

Қайдасың бұл күнде?

Сені іздеп арманым

Сыр бойын шарладым

300

Жаңбырда шашы суланбай жүрген адам?

Шашы жоқ (таз адам)

300

Ат тергеу

Келін күйеуінің туыстарының атын тура атамай, оларға басқа ат қояды. Мысалы: «би ата», «мырза аға», «қара шаңырақ» сияқты.

300

Мыжғылаймын – жаны жоқ,


Кескілеймін – қаны жоқ.

Қамыр

300

•Розовый вечер авторы

Ласковый май

300

Мен келем тау ішінде түнделетіп,

Аймақты күңірентіп өлеңдетіп.

Астымда ақ боз атым сылаң қағып,

Жалтақтап құлақтарын елеңдетіп.


Қайырмасы:

Ақ боз ат менің тұлпарым,

Шалқыған көңіл сұңқарым.

Көкірек керіп жұттым мен,

Ауаның жазғы жұпарын.

Ә-әй, сүмбіл шаш,

Тәтті сөзің,

Қара көзің,

Білгейсің келгенімді жалғыз өзің

Ән салдым есіп майда жаяулатып,

Ырғалтып, шырқап, толғап, баяулатып.

Толқынды мың құбылған әнімді естіп,

Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып.


Қайырмасы:

Ақ боз атым қояндай,

Еркелеп басар аяңдай.

Тербеді даусым ауаны,

Дыңылдап қалқып баяулай.

Ә-әй, сүмбіл шаш,

Тәтті сөзің,

Қара көзің,

Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.

400

Қай айда 28 күн бар?

Барлық айда

400

Тоқымқағар

жас жігіт алғаш сапарға шыққанда жасалатын дәстүр.

400

Қанаты бар,


Қауырсыны жоқ.

Жарқанат

400

Мына әннің авторы 

Зимный сон-Алсу

500

Таңертең 4 аяқ, түсте 2, кешке 3 аяқ?

Адам (бала кезде еңбектейді, кейін екі аяқпен жүреді, қартайғанда таяқ ұстайды).

500

Енші беру

Баласы ер жетіп, үйленген кезде ата-анасы оған жеке мал-мүлік, үй немесе тұрмысқа қажет заттар бөліп береді. Бұл оның жеке шаңырақ құруын білдіреді.

500

Бір үйде қос сұлу қыз ағайынды,




Екеуі қызықтырған талайыңды.




Жүдемес төрт маусымда мұңаймаса,




Тұрады нұрға малып маңдайыңды.

Ай мен Күн

500

Ветер с моря дул Авторы

Натали

500

Жас едім өмірге еркін бойламаған

Күні ертең не боларын ойламаған

Шарықтап кетсем

Дағы қанат қағып

Өзіңдей қамқор әке қайда маған

Шарықтап кетсем

Дағы қанат қағып

Өзіңдей қамқор әке қайда маған

Жан әке, шертіп сезіп

Домбырасын

Кеудемді қуанышқа толтырасың

Арманның асқарына құлаш ұрсам

Алдымда асқар тау боп

Сен тұрасың

Арманның асқарына құлаш ұрсам

Алдымда асқар тау боп

Сен тұрасың

 

Бұл күнде мен де

Өзеннің арнасымын

Кім мөлдір болса

соның жолдасымын

Қуан сен, қуана бер, әкетайым

Мен сенің өміріңнің жалғасымын

Қуан сен, қуана бер, әкетайым

Мен сенің өміріңнің жалғасымын