Еліміз алғаш тәуелсіздігін қай жылы алды?
1991 жылы, 16 желтоқсанда
Қазақстан туының авторы кім?
Шәкен Ниязбеков
Елтаңба авторлары кімдер?
Жандарбек Мәлібеков және Шота Уәлиханов
Әнұран сөзінің авторлары кімдер?
Жұмекен Нәжімеденов және Нұрсұлтан Назарбаев.
Еліміздегі ғарыш айлағы қай жерде орналасқан?
Қызылорда, Байқоңыр
Туда не бейнеленген?
Күн, қыран бүркіт және ұлттық өрнек
Елтаңбаның ортасында қандай бейне орналасқан?
шаңырақ
Әнұранның әуенін кім жазған?
Шәмші Қалдаяқов.
Қазақстанның тұңғыш президенті кім?
Нұрсұлтан Назарбаев
Туда қандай құс бейнеленген?
Бүркіт
Мемлекеттік Елтаңбада нелер бейнеленген ?
шаңырақ, қос пырақ, жұлдыз, "Қазақстан" жазуы бейнеленген
Әнұран орындалғанда адамдар қалай тұруы керек?
Тік тұрып, оң қолын жүрек тұсына қою керек.
Қазақстандағы ең ұзын өзен?
Ертіс өзені
Қазақстан туында күннің неше сәулесі бар?
32
Елтаңбадағы қанатты тұлпарлар нені білдіреді?
Еркіндік, батылдық, болашаққа ұмтылу.
Қазақстан Республикасының қазіргі Әнұраны қашан қабылданды?
2006 жылы 6 қаңтарда.