Полевой телефон аппараты ТА-57 қандай мақсатта қолданылады?
ТА-57 аппараты әскери жағдайда сапалы телефон байланысын қамтамасыз ету үшін қолданылады.
П-193М коммутатордың негізгі қызметі қандай?
П-193М коммутатордың негізгі қызметі – бірнеше абонентті бір-бірімен қосып, телефондық байланысты ұйымдастыру.
Полевой кабельдік линияның басты артықшылығы неде?
Полевой кабельдік линияның басты артықшылығы – ұзақ қашықтықта сенімді байланыс орнату.
Байланыс құралдарын жұмысқа дайындаудағы алғашқы қадам қандай?
Алғашқы қадам – сыртқы тексеріс: аппараттың жағдайын, батареяның бар-жоғын, шнурлардың бүтіндігін қарау.
Екі пункт арасында байланыс орнату үшін ең қарапайым құрал қайсы?
Екі пункт арасында ең қарапайым құрал – ТА-57 телефон аппараты.
ТА-57 аппаратының негізгі бөліктерін ата.
ТА-57 аппаратының негізгі бөліктері: пластмасса қорап, панель, микротелефондық трубка, индукциялық генератор.
П-193М коммутаторын іске қосу алдында қандай тексеріс жүргізіледі?
П-193М коммутаторды іске қосу алдында шнурлар мен гнездаларды тексеру қажет.
Кабельдік линияны төсеу кезінде қандай қауіпсіздік ережелері сақталады?
Кабель төсеу кезінде қауіпсіздік ережелері: кабельді электр желілерінен алыс ұстау, дұрыс оқшаулау.
Байланыс құралдарының жұмысқа жарамдылығын қалай тексеруге болады?
Жұмысқа жарамдылығын тексеру үшін индукторды айналдырып, сигналдың дұрыс қабылдануын бақылау.
Екі басқару пункті арасындағы байланыс жаттығуының мақсаты қандай?
Жаттығудың мақсаты – басқару пункттері арасында сенімді байланыс орнатуды үйрену.
ТА-57 аппаратының тактико-техникалық сипаттамаларына мысал келтір.
ТА-57 аппараты П-274 кабелі арқылы 44 км-ге дейін байланыс орната алады.
П-193М коммутатордың құрылымдық ерекшеліктерін сипатта.
П-193М коммутатордың ерекшелігі – 10 абонентке дейін қосуға болады, қажет болса 20-ға дейін кеңейтіледі.
Кабельдік линияны төсеу кезінде жер бедерінің әсері қандай?
Жер бедері кабель төсеуге әсер етеді: таулы, батпақты жерлерде төсеу қиындайды.
Байланыс құралдарын дайындау барысында қандай қосымша жабдықтар қажет болуы мүмкін?
Қосымша жабдықтар: катушка ТК-2, қосымша батареялар, қосқыш шнурлар.
Екі пункт арасындағы байланысты ұйымдастыруда бөлімшелердің рөлі қандай?
Бөлімшелердің рөлі – кабельді төсеу, аппаратураны орнату және тексеру.
ТА-57 аппаратының жұмысқа жарамдылығын тексеру алгоритмін түсіндір
ТА-57 аппаратының жұмысқа жарамдылығын тексеру: индукторды айналдыру, сигналдың қабылдануын бақылау, сөйлесу тізбегін тексеру.
П-193М коммутаторды қолдану кезінде жиі кездесетін ақауларды ата.
П-193М коммутаторда жиі кездесетін ақаулар: шнурдың үзілуі, индуктордың істен шығуы, гнездалардың босап қалуы.
Кабельдік линияны ұзақ уақыт қолдану үшін қандай шаралар қабылданады?
Кабельді ұзақ қолдану үшін – дұрыс оқшаулау, құрғақ жерде сақтау, артық кернеуден қорғау.
Байланыс құралдарын дайындау кезінде командирдің міндеттері қандай?
Командирдің міндеті – байланыс құралдарын дұрыс дайындауды бақылау және тексеру.
Екі басқару пункті арасындағы байланысты ұйымдастыруда қандай тактикалық жағдайлар ескеріледі?
Тактикалық жағдайлар: пункттердің орналасуы, қашықтық, жер бедері, қарсыластың ықтимал әрекеттері.
ТА-57 аппаратының құрылымдық схемасын толық сипатта.
ТА-57 аппаратының құрылымдық схемасы: микрофон – күшейткіш – линия – телефон, индуктор арқылы шақыру жүйесі
П-193М коммутатордың жұмыс принципін егжей-тегжейлі түсіндір.
П-193М коммутатордың жұмыс принципі – индуктор арқылы шақыру сигналын жіберіп, абоненттерді қосу.
Кабельдік линияны төсеу кезінде кездесетін күрделі инженерлік қиындықтарды ата .
Кабель төсеудегі инженерлік қиындықтар: өзеннен өту, таулы аймақ, электр желілерінің кедергілері.
Байланыс құралдарының сенімділігін арттыру үшін қандай әдістер қолданылады?
Сенімділікті арттыру әдістері: қосымша кабель бағыттарын қолдану, резервтік аппараттарды дайындау .
Екі басқару пункті арасындағы байланысты ұйымдастырудың толық тактикалық жоспарын жаса.
Толық тактикалық жоспар: пункттердің орналасуын анықтау, кабель бағыттарын белгілеу, аппаратураны орнату, тексеру, резервтік байланыс арналарын қарастыру.