Әлихан Бөкейхан қай жылы ақталды?
1989 жылы 14 мамырда
Қазақтан шыққан тұңғыш ғылым кандидаты кім?
Бақтыкерей Ахметұлы Құлманов
Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Бұл кімнің сөзі?
Ахмет Байтұрсынұлы
Семей қаласының негізі қай жылы қаланды?
1718 жылы
"Сарғайдым" өлеңінің авторы кім?
Мағжан Жұмабаев
Әлихан Бөкейхан 1890-1894 жылдар аралығында қай жерде оқыды?
Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды
... - қазақтың қоғам қайраткері, ғалым (тілтанушы және математик), публицист және аудармашы, Алаш партиясының мүшесі. Замандастары оған қазақтың "Ломоносовы" деп баға берген. Көп нүктедегі тұлағны атаңыз
Елдес Омарұлы
Мәдениетіміздің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетіледі. Білімді жұрттардың тілі бай болады. Бұл сөздің авторы кім?
Халел Досмұхамедұлы
Киелі мекен
Бір Өгіз күні бойы тартып сабан,
Қайтты елге сабанымен кешке таман.
Мүйізінде Қара шыбын отыр еді,
Кез болды бір танысы жолда оған.
Үзінді қай шығармадан алынған? Авторы кім?
"Екі шыбын" Ахмет Байтұрсынұлы
Әлихан Бөкейхан 1906 жылы Омбыдан шығатын қандай газеттердің редакторы болды?
«Голос степи», «Омичъ» және «Иртышъ» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды
«Мансапқорлар», «Рабиға», «Ел қорғаны», «Қанапия - Шәрбану», «Шернияз» драмаларының авторы кім?
Жүсіпбек Аймауытұлы
Би әділ болмай, жұрт ісі ілгері баспайды
Әлихан Бөкейхан
Семей қаласында Алашордалықтар қандай газет шығарды?
"Қазақ тілі" және "Сарыарқа"
Міржақып Дулатұлының "Терме" атты өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты?
1915 жылы
Әлихан Бөкейханның аталарын атаңыз:
Барақ сұлтан - Бөкейхан - Мырзатай - Нұрмұхамед
Қазақтан шыққан тұңғыш журналист қызды атаңыз
Нәзипа Құлжанова
Құр білген керек емес - білгенді іс қылған керек
Шәкәрім Құдайбердіұлы
1920 жылдың қазан айында Семейде қандай театр құрылды?
"Ес-Аймақ" театры құрылды
Жүсіпбек Аймауытұлы А.С.Пушкиннің қандай шығармаларын аударған?
"Тас мейман", "Сараң сері"
Әлихан Бөкейхан «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде қай жылдар аралығында жұмыс істеді?
1909-1917 жылдар аралығында
... - қазақ бастауыш мектебінің теориялық және практикалық негізін қалаушылардың бірі болды. Оның қаламынан емлеге, тіл дамытуға, қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты көптеген еңбектер мен хрестоматиялар жарық көрді. Көп нүктедегі тұлғаны атаңыз
Телжан Шонанов
Ұлттық рухтың негізі - ұлттық тіл
Мұстафа Шоқай
Қазақстандағы тұңғыш су құбыры Семей қаласында іске қосылды. Бұл оқиға қай жылы болды?
1910 жылы
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Үзінді қандай шығармадан алынған және авторы кім?
С.Торайғыров, "Қазақ тілі"