1918 ж 3 наурызда Төрттік Одақ пен Ресей арасында қай жерде шартқа қол қойды?
Брест Литовск
«Қатаған қырғыны» уақиғасы болған уақыты:
1627 жылы
Қазақтың тұңғыш кәсіби тарихшыларының бірі, «Қазақстан XIX ғасырдың 20–40 жылдарында» атты монографияның авторы кім?
Ермахан Бекмаханов
Индивидтердің шығу тегін, әулеттердің, отбасыларының, жекелеген рулардың туыстық қатынастарын, биографиялық мағлұматтарын құрастырумен, оқып үйренумен айналысатын қосалқы тарихи пән
Генеология
Ғылыми нумизматиканың негізін салушы Вена университетінің профессоры
И.Эккель
Пелопоннес соғысы (б.з.д 431-404) қай екі грек қала-мемлекетінің арасында болды?
Афины мен Спарта
Орта жүзде хандық билікті жоюға бағытталған заң:
"Сібір қырғыздары туралы Жарғы" 1822 ж.
XVI ғасырда Германияда Реформация қозғалысын бастап, католик шіркеуінің индульгенция саясатына қарсы шыққан тұлға кім?
Мартин Лютер
Мөрлер мен мөрлік таңбаларды зерттейтін қосалқы тарихи пән.
Сфрагистика
Қазақстандағы антропология ғылымының негізін қалаушы тұңғыш әрі көрнекті ғалым
Оразақ Смағұлұлы
1776 жылы Құрама Штаттар өз тәуелсіздігін жариялаған құжат қалай аталады?
Тәуелсіздік декларациясы
1907 ж. Орал облысынан ІІ мемлекеттік Думаға сайланған,қоныс аударудың қазақтардың шаруашылығына кері әсерін баяндаған қайраткер:
Бақытжан Қаратаев
Қазақтың алғашқы демократиялық зиялыларының бірі, лингвист әрі реформатор, қазақ әліпбиін жетілдірген тұлға кім?
Ахмет Байтұрсынұлы
Гербтерді, туларды, эмблемаларды және арнайы белгілерді зерттейтін тарих ғылымының арнайы саласы.
Геральдика
Қытайда туып-өскен, кейін тарихи отанына оралған көрнекті жазушы, фольклоршы, этнограф және баспагер
Зейнолла Сәнік
Аббас әулеті халифаты қай жылы құрылды және оның алғашқы астанасы қай қала болды?
750 жылы құрылды, алғашқы астанасы — Куфа қаласы. Кейіннен астана Бағдатқа көшірілді.
1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері бас қосып, жоңғарларға соққы беру мәселесін талқылаған жер:
Қарақұм
Үндістанның ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы, бейбіт қарсылық (сатьяграха) идеологиясының негізін салушы
Махатма Ганди
Ғылыми нумизматиканың негізін салушы Вена университетінің профессоры
И.Эккель
НАТО мен БҰҰ-ның негізгі айырмашылығы неде?
БҰҰ – жаһандық бейбітшілік пен ынтымақтастыққа бағытталған әмбебап ұйым.
НАТО – әскери қауіпсіздікке бағытталған аймақтық одақ.
Халық бұқарасының мәдени деңгейін көтеру мақсатында 1924 жылы ұйымдастырылған қоғам:
Сауатсыздықты жою қоғамы
“Диуани лұғат ат-түрк” атты еңбегін жазған, онда түркі тілдерін, олардың тарихын, салт-дәстүрін және мәдениетін зерттеген
Махмұд Қашғари
Ежелгі жазуларды, құжаттарды, қолжазбаларды зерттейтін қосалқы тарихи пән.
Палеография