Оқыту формалары
Әдістер мен тәсілдер
Оқыту құралдары
Эволюция және даму
Тиімділік пен белсенділік
100

Оқытуды ұйымдастырудың ең негізгі және ежелгі формасы қалай аталады?

Сабақ 

100

Эвристикалық әңгімелесу әдісінің дәстүрлі сұрақ-жауаптан айырмашылығы қандай?

Мұғалім дайын жауапты бермейді, бағыттаушы сұрақтар арқылы оқушыны жаңа білімді «ашуға» итермелейді.

100

Дидактикалық құралдардың ішіндегі «символдық» құралдарға не жатады?

Формулалар, графиктер, сызбалар және карталар.

100

Неліктен орта ғасырлардағы университеттерде «диспут» негізгі оқыту формасы болды?

Кітаптардың аздығынан және логикалық дәлелдеу өнерін дамыту маңызды болғандықтан.

100

Белсенді тыңдау мен жай тыңдаудың арасындағы нәтиже айырмашылығын қалай сипаттайсыз?

Белсенді тыңдауда ақпарат талданады, сұрақтар қойылады және конспектіленеді, нәтижесінде есте сақтау 70-80%-ға артады.

200

Оқушылардың білімін іс жүзінде тексеру мақсатында табиғатқа немесе өндіріс орнына баруы қандай форма?

Экскурсия

200

Іскерлік ойындар әдісін жоғары сыныптарда қолданудың маңызы неде?

Кәсіби бағдар беру және болашақ өмірлік жағдаяттарды модельдеу арқылы шешім қабылдауды үйрету.

200

Электрондық оқулықтың қағаз оқулықтан басты функционалды артықшылығы?

Интерактивтілік және өзін-өзі автоматты түрде тексеру мүмкіндігі.

200

Песталоццидің «элементарлы оқыту» теориясының қазіргі бастауыш білім беруге әсері қандай? 

Оқытуды ең қарапайым элементтерден (сан, форма, сөз) бастау принципін қалыптастырды.

200

Оқытудың «қолжетімділік» принципі мен «қиындық деңгейін арттыру» принципі арасындағы алтын көпір қалай аталады?

Л.С. Выготскийдің «Жақын даму аймағы» (Зона ближайшего развития).

300

Педагогикадағы «консультация» формасының негізгі мақсаты білім беру ме, әлде бағыт-бағдар беру ме?

Оқушының қиындық тудырған сұрақтарына бағыт-бағдар беріп, дербес жұмысын түзету.

300

Демонстрация әдісін қолдану кезіндегі «көрнекілік алтын ережесі» қандай?

Көрнекілік мақсат емес, тек құрал болуы тиіс; ол оқушының назарын тақырыптан тыс нәрсеге аудармауы керек.

300

Виртуалды зертханалардың (VR/AR) дәстүрлі физикалық лабораториялардан басымдылығы мен кемшілігі?

Басымдылығы — қауіпсіздік пен қолжетімділік, кемшілігі — шынайы заттармен жанасу (тактильді сезім) мен маториканың болмауы.

300

Мангейм жүйесінің (оқушыларды қабілетіне қарай іріктеу) қазіргі кездегі сынға ұшырау себебі?

Сегрегацияға (бөлінуге) алып келуі және әлеуметтік теңсіздікті күшейтуі.

300

Бағалаудың «формативті» (қалыптастырушы) түрі неліктен «суммативті» (жиынтық) бағалаудан тиімдірек деп саналады?

Ол қатемен жұмыс істеуге мүмкіндік береді және оқушыны қорқытпай, даму процесіне бағыттайды.

400

Қандай жағдайда экскурсия сабақты толық алмастыра алады және оның тиімділігін қалай бағалаймыз?

Пәнаралық байланыс орнағанда және алған теориялық білімді шынайы нысанда көріп, зерттеу есебін тапсырғанда.

400

Иллюстрация мен Демонстрация әдістерінің аражігін қалай ажыратамыз?

Иллюстрация — статикалық (сурет, кесте), демонстрация — динамикалық (тәжірибе, видео, құбылысты көрсету).

400

Оқыту құралдарын таңдаудағы «дидактикалық сәйкестік» принципі нені білдіреді?

Құрал сабақтың мақсатына, мазмұнына және оқушылардың жас ерекшелігіне сай келуі керек.

400

Бағдарламалап оқытудың (Б. Скиннер) негізінде жатқан психологиялық концепция?

Бихевиоризм — дұрыс жауап үшін бірден марапаттау немесе келесі кезеңге өту.

400
Оқытудағы «мәдени сәйкестік» (культуросообразность) принципінің жаһандану заманындағы трансформациясы қандай?

Ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, әлемдік азаматтық пен толеранттылықты қалыптастыру.

500

Оқытудың «ұжымдық тәсілі» (УСО) мен «топтық жұмыстың» басты айырмашылығы неде?

Ұжымдық тәсілде әркім әркімді оқытады (динамикалық жұптар), ал топтық жұмыста бір тапсырма бірлесіп орындалады.

500

Жобалар әдісін (Project-based learning) жүзеге асырудағы мұғалімнің рөлі қалай өзгереді?

Мұғалім ақпарат берушіден кеңесші (фасилитатор) мен куратор рөліне ауысады.

500

Жасанды интеллектіні (AI) оқыту құралы ретінде қолданудың этикалық және педагогикалық қаупі неде?

Оқушының сыни ойлауы мен дербес ізденіс дағдысының әлсіреуі, академиялық адалдықтың бұзылуы.

500

Вальдорф мектебі мен Монтессори жүйесінің оқыту құралдарына қоятын ортақ талабы қандай?

Құралдардың табиғи материалдардан жасалуы және баланың сезім мүшелері арқылы әлемді тануына мүмкіндік беруі.

500

Нейропедагогика тұрғысынан стресс пен үрей оқушының жаңа ақпаратты қабылдауын қалай блоктайды?

Стресс кезінде мидың лимбикалық жүйесі белсендіріліп, когнитивті функцияларға жауапты префронталды қыртысты тежейді.