Стратегиялық менеджмент
Менеджмент ұғымы
Менеджмент мектептері
Персоналды басқару
Рандом
100

Стратегиялық менеджмент дегеніміз не?

Стратегиялық менеджмент – ұйымның ұзақ мерзімді мақсаттарына жету үшін стратегияны әзірлеу, жүзеге асыру және бақылау процесі. Ол ұйымның болашағын жоспарлауға бағытталған.

100

Менеджмент дегеніміз не?

Менеджмент – ұйымның мақсаттарына жету үшін адамдар мен ресурстарды тиімді басқару процесі.

100

Ғылыми басқару мектебінің негізгі идеясы қандай?

Еңбек өнімділігін арттыру үшін ғылыми әдістерді қолдану (еңбек бөлінісі, уақытты тиімді пайдалану).

100

Персоналды басқару дегеніміз не?

Персоналды басқару – қызметкерлерді іріктеу, дамыту, ынталандыру және тиімді пайдалану процесі.

100

Дүниежүзіндегі ең кішкентай мемлекет қайсы?

Ватикан

200

Ұйымның миссиясы мен мақсатының айырмашылығы қандай?

• Миссия – ұйымның өмір сүру мәні, негізгі бағыты (мысалы, қоғамға қандай пайда әкеледі).

• Мақсат – нақты нәтижелер (пайда табу, нарық үлесін арттыру т.б.).

200

Менеджердің негізгі міндеттері қандай?

Жоспарлау; Ұйымдастыру; Басшылық ету; Бақылау; Шешім қабылдау

200

Әкімшілік мектептің ерекшелігі неде?

Ұйымды басқарудың жалпы принциптерін (жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау) қалыптастыруға бағытталған.

200

Қызметкерлерді іріктеу кезеңдері қандай?

1. Қажеттілікті анықтау

2. Кандидаттарды іздеу

3. Сұхбат жүргізу

4. Таңдау

5. Жұмысқа қабылдау

200

Қазақстан неше облыстан тұрады?

17 облыс

300

SWOT талдау нені көрсетеді?

SWOT талдау ұйымның: Strengths (күшті жақтары), Weaknesses (әлсіз жақтары), Opportunities (мүмкіндіктері), Threats (қауіп-қатерлері) сияқты ішкі және сыртқы факторларын анықтайды.

300

Басқару деңгейлері қалай бөлінеді?

1. Жоғары деңгей (директорлар, CEO)

2. Орта деңгей (бөлім басшылары)

3. Төменгі деңгей (супервайзерлер)

300

Адамдық қатынастар мектебі нені зерттейді?

Қызметкерлердің психологиясын, мотивациясын және ұжымдағы қарым-қатынасты зерттейді.

300

Мотивацияның қандай түрлері бар?

• Материалдық (жалақы, сыйақы)

Материалдық емес (мақтау, мансаптық өсу)

300

Су қандай химиялық элементтерден тұрады?

Сутек пен оттек (H₂O)

400

Стратегияны жүзеге асыру кезеңдері қандай?

1. Стратегияны жоспарлау 

2. Ресурстарды бөлу 

3. Қызметкерлерді ұйымдастыру

 4. Орындау 

5. Бақылау және түзету

400

Менеджменттің негізгі функциялары қандай?

Жоспарлау, Ұйымдастыру, Мотивация, Бақылау

400

Мінез-құлық мектебінің өкілдеріН атаңыздар

Абрахам Маслоу, Дуглас МакГрегор, Фредерик Герцберг, Ренсис Лайкерт

400

Қызметкерлерді бағалау қалай жүргізіледі?

KPI бойынша; Аттестация; Басшының бағалауы; 360° бағалау әдісі


400

Әлемдегі ең жылдам жануар қайсы?

Гепард

500

Сыртқы ортаны талдаудың маңызы неде?

Сыртқы ортаны талдау ұйымға нарықтағы өзгерістерді, бәсекелестерді, экономикалық және саяси факторларды түсінуге көмектеседі. Бұл дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

500

Ұйым дегеніміз не?

Ұйым – ортақ мақсатқа жету үшін бірігіп жұмыс істейтін адамдар тобы.

500

Қазіргі менеджменттің басты ерекшелігі қандай?

Икемділік, инновация, технологияларды қолдану және адам факторына үлкен мән беру.

500

HR бөлімінің негізгі міндеттері қандай?

Қызметкерлерді жалдау; Оқыту және дамыту; Мотивация жүйесін құру; Еңбек қатынастарын реттеу; Ұжымдағы климатты жақсарту

500

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета қайсы? 

Юпитер