Модерация дегеніміз не?
Мұғалімдердің бағалауды бірдей стандартпен жүргізуін қамтамасыз ететін үдеріс.
ІШБ дегеніміз не?
бұл мектеп ішінде мұғалімдер жүргізетін және тоқсан соңында оқушылардың оқу жетістіктерін қорытындылайтын бағалау түрі.
Критериялдық бағалау дегеніміз не?
Оқушының жетістігін нақты , әділ өлшеу тәсілі
Блум таксономиясы дегеніміз не?
БТ- білім және білікті меңгеру деңгейін сиппаттайтын белгілер жіктелуі.
Формативты бағалау дегеніміз не?
оқу процесі барысында оқушының білімін тексеріп, оған кері байланыс беру арқылы оқуын жақсартуға бағытталған бағалау түрі.
Модерацияның мақсаты?
ІШБ негізгі сиппатамасы?
КБ деңгейлері:
Базалық, орта , жоғары, жетілдірілген
Таксономияға анықтама:
Белгілі бір критерий мен ұстанымдар бойынша обьектіні жүйелеу, топтастыру және жіктеуді айтады.
Топтық жұмыс кезінде бағалау қалай жүргізіледі?
Мұғалім топты жалпы белсенділігін бағалайды. Белсенді оқушыларды атап өтеді.
Модерация неше элементтерден тұрады?және олардың мақсаты
2 : стандарттау , ішкі модерация.
ІШБ өткізгенде мұғалімдерге қандай нұсқаулық беріледі?
Мұғалім тапсырманы төмен қаратып қою керек, ереже түсіндіру, оқушылардың бір бірімен сөйлеспеуін қадағалау және т.б
КБ- дың түрлері және олардың қысқаша анықтамалары:
Диагностикалық- бастапқы деңгейді анықтайды
Үнемі бағалау
Қорытынды: Оқу соңында нәтиже шығару
Өзін өзі бағалау
Талдау ( Analysis )
ҚБ 5 стратегиясы қандай?
1.БК мен күтілетін нәтижелер
2.Тиімді талқылау мен сыни диалог
3.Кері байланыс
4.Бірін - бірі оқыту
5.Оқушының өзін - өзі бағалауы.
Модерация үдерісі бағалауда қандай негізгі мәселені шешеді?
Бағалаудағы субъективтілікті азайтып, бірізділік пен әділдікті қамтамасыз етеді.
ІШБ бағаларын қою: Және оны кімдер тексереді?
Балл қою кестесіне сәйкес болуы керек, әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері тексереді.
КБ артықшылықтары қандай?
Оқушыны ынталандырады, дамуға жол ашады, әділ кері байланыс береді.
Блум таксономиясының деңгейлері неге иерархиялық түрде орналасқан?
Бұл құрылымның маңызын түсіндіріңіз.
Өйткені ойлау дағдылары біртіндеп дамиды: алдымен білу, кейін түсіну, қолдану, талдау, бағалау және жасау. Бұл оқушылардың білімді терең меңгеруіне мүмкіндік береді.
ФБ- дың кез келген 6 әдісін ата.
Егер мұғалімдер критерийді әртүрлі түсінсе, не болады?
Бағалау әділ болмайды, сондықтан модерация арқылы біркелкі түсінік қалыптасады.
Егер ішкі жиынтық бағалау дұрыс жүргізілмесе, қандай мәселе туындайды?
Бағалау нәтижесі дұрыс болмайды және оқушыларға әділетсіздік болады.
Егер оқушының жұмысы критерийге толық сәйкес келмесе, бірақ жұмысы жақсы болса, не істеу керек?
Баға критерий бойынша қойылады, сондықтан балл сәйкес түрде берілуі керек.
Егер сабақта тек төмен деңгейлі тапсырмалар (есте сақтау, түсіну) қолданылса, қандай қиындықтар туындауы мүмкін?
Оқушылар тек ақпаратты жаттайды, бірақ оны қолдана алмайды. Сыни ойлау дамымайды, өз ойын талдай алмайды. Мысалы, ережені біледі, бірақ тапсырмада дұрыс қолданбайды.
Бұл қандай әдіс?
Мұғалім оқушыға белгілі бір ұстаным немесе идеяға қатысты әдейі қате немесе даулы пікір ұсынады. Оқушыдан сол пікірмен келісетінін немесе келіспейтінін айтып, өз көзқарасын дәлелдеу сұралады.
Қате түсінікті тексеру.