ҒАЛЫМДАР
ЗАҢДАР
ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР
КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРДЕГІ ХИМИЯ
100

Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, геолог, химиялық элементтердің жер қыртысында таралуын зерттеген ұлы ғалым?

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев

100

Қысым тұрақты болғанда (P=const), температура артса, газдың көлемі қалай өзгереді?

Артады (Шарль заңы бойынша олар тура пропорционал)

100

Периодтық жүйеде солдан оңға қарай жылжығанда элементтердің электртерістілігі мен атомдық радиусы қалай өзгереді?

Электртерістігі артады, атомдық радиусы кемиді.

100

Адам асқазанында тамақ қорытуға қатысатын қандай қышқыл?

Тұз қышқылы (HCl)

200

Жану процесінде оттегінің рөлін дәлелдеген және химиялық номенклатураның негізін салған француз ғалымы?

Антуан Лавуазье

200

Газдың қысымы көлемі мен температурасына байланысты заңға сәйкес келетін жалпылама теңдеу қалай?

PV=nRT Клапейрон–Менделеев теңдеуі

200

«Тот баспайтын болат» алу үшін темірге міндетті түрде қосылатын, бетінде берік оксид қабықшасын түзетін d-металл

Хром (Cr)

200

Кейбір металдар микроағзларды жою қасиетіне ие. Сондықтан олар су тазартуда және медицинада қолданылады. Осындай бактерицидтік қасиеті бар металлды атаңыз

Күміс

300

Полинг Линус химиялық байланыстың табиғатын түсіндіру үшін атомдық орбитальдардың араласуына негізделген қандай ұғымды еңгізді?

Гибридизация (будандасу)

300

Температура тұрақты болған жағдайда (T=const), газ көлемі қысымға кері пропорционал өзгереді. Бұл қай заң?

Бойль–Мариотт заңы

300

Азоттың қай оксиді «күлдіргіш газ» деп аталады және медицинада анестезия үшін қолданылады?

Азот (I) оксиді (N2O)

300

Халық арасында "күн күркіреп, найзағай ойнаса, сүт тез ашиды" деген түсінік бар. Найзағай кезінде ауада түзілетін қандай газ сүт қышқылы бактерияларының белсенділігін арттырып, ашу процессін тездетеді?

Озон (О3)

400

Қазақстанда сирек кездесетін металдар химиясын зерттеген, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері болған қазақ ғалымы?

Евней Арыстанұлы Бөкетов (Бөкетов пеші, халькогендер химиясы).

400

Неліктен химиялық реакцияларда заттар кез келген мөлшерде емес, белгілі бір қатынаста ғана әрекеттеседі? Бұл қай заңмен түсіндіріледі?

Эквиваленттер заңы

400

V топтың ішіндегі сыртқы деңгейінде бос d-орбитәлі болмағандықтан, бес валенттік күй көрсете алмайтын жалғыз бейметалл.    

Азот (N)

400

Табиғи газдың иісі жоқ. Бірақ біз газ шығып кетсе, оның жағымсыз иісін бірден сеземіз. Газдың шығып жатқанын білу үшін оған әдейі қосылатын сасық иісті заттар қалай аталады?

Одоранттар (мысалы, этилмеркаптан)