Ана тілі-асыл қазына
БАҚ
Білім, денсаулық жүйесі
Ел таны- жер таны
100

Мақалды жалғастырыңыз: «Өнер алды — ....»

Өнер алды — қызыл тіл

100

«Егемен Қазақстан» газетінің бұрынғы аты қандай?

«Социалистiк Қазақстан»

100

Мәтінде аталған 4 ұлттық ойынды атаңыз

Тоғызқұмалақ, асық ойыны, ақ сүйек, бәйге

100

Мақалды жалғастырыңыз: «Отан үшін күрес – ... ... ....»

«Отан үшін күрес – ерге тиген үлес»

200

Қыпшақ тобына жататын 6 тілді атаңыз

Қазақ, татар, башқұрт, қырғыз, қарақалпақ, ноғай, құмық, қарашай-балқар, қырымтатар, қараим тілдері.

200

«Алыпқашпа хабар» фразеологизмінің мағынасын түсіндіріңіз

Даурықпа хабар, анық-қанығы белгісіз лақап, қауесет

200

«Ғылым тапты» фразеологизмінің мағынасын түсіндіріңіз

Сабақ оқыды, білім алды

200

Парламенттің басты қызметі қандай?

Заң шығару қызметін жүзеге асыру және республикалық бюджетті талқылау

300

«Тілге тиек етті» фразеологизмінің мағынасын түсіндіріңіз

Бір нәрсені айтуға себеп қылу, әңгімеге арқау ету

300

Мақалды жалғастырыңыз: «Жақсының аты, ғалымның ... ....»

«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді»

300

«Болашақ» бағдарламасының басты мақсаты не және ол кімдерге арналған?

Жастар мен ғылыми қызметкерлердің әлемнің жетекші оқу орындарында білім алу үшін

300

Қазақстан Туында қандай нышандар бейнеленген және олар не білдіреді?

    Көгілдір түс — Бейбітшілік, бірлік.

    Алтын күн — Байлық, береке.

    Қыран (бүркіт) — Еркіндік, биіктік.

    Ұлттық өрнек — Қазақ дәстүрі.

400

Жүсіп Баласағұнидің араб графикасымен жазылған әйгілі кітабы қалай аталады?

«Құтадғу білік»

400

Мақалды жалғастырыңыз: «Жер – ырыстың кіндігі, Білім – ... ... ...»

«Жер – ырыстың кіндігі, Білім – ырыстың тізгіні»

400

Қазақстан Парламенті неше палатадан тұрады және оның негізгі қызметі қандай?

Екі палатадан (ж - Сенат және т - Мәжіліс) тұрады; негізгі қызметі — заң шығару мен бюджетті талқылау

500

«Керқұла атты Кендебай» ертегісінің негізгі мазмұны не туралы?

Кендебай батырдың ерлігі мен халыққа көмегі туралы