Аурулар
Түрлері
Аурудың даму кезеңдері
Жұқпалы аурулардан қорғану жолдары
100

Жұқпалы (инфекциялық) аурулар

бұл қоздырғыштары (вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар немесе қарапайымдылар) сау ағзаға енгенде пайда болатын аурулар тобы. Олардың басты ерекшелігі — ауру адамнан сау адамға берілу қабілеті.

100

Ішек инфекциялары:

  • Ауыз арқылы (лас қол, тамақ, су) беріледі.

    • Мысалдар: Іш сүзегі, холера, дизентерия, А гепатиті.



100

Инкубациялық (жасырын) кезең:

 Микроб денеге енген сәттен бастап, аурудың алғашқы белгілері көрінгенге дейінгі уақыт. 

100

А. Инфекция көзін жою

  • Ауру адамды оқшаулау (карантин).

  • Үй жануарларынан жұғатын ауру болса, мал дәрігерлік бақылау жүргізу.

200

Эпидемия

жұқпалы аурудың бір аймақта немесе елде жаппай таралуы.

200

Тыныс алу жолдарының инфекциялары:

Ауа-тамшы жолымен (түшкіру, жөтелу) беріледі.

  • Мысалдар: Тұмау, қызылша, туберкулез, COVID-19.


200

Продромальды кезең:

Аурудың алғашқы жалпы белгілері (әлсіздік, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі).

200

Ә. Берілу жолдарын бөгеу

  • Гигиена: Қолды сабынмен жуу, жеміс-жидекті тазалау.

  • Дезинфекция: Заттарды, бөлмені микробтардан тазарту.

  • Дезинсекция: Инфекция тарататын жәндіктерді (шыбын, кене) жою.

300

Пандемия

аурудың бүкіл әлемге немесе бірнеше құрлыққа таралуы (мысалы, COVID-19).  

300

Қан инфекциялары:

  • Жәндіктер шаққанда (трансмиссивті) немесе медициналық құралдар, қан құю арқылы беріледі.
    • Мысалдар: Безгек (малярия), кене энцефалиті, В және С гепатиттері, АИТВ (ВИЧ).



300

3. Аурудың өршу кезеңі:

4.Сауығу (реконвалесценция) кезеңі: 

3.Сол ауруға тән нақты белгілердің (мысалы, қызылшадағы бөртпе) пайда болуы.

4.Ағзаның қалпына келуі. 

300

Б. Ағзаның қарсыласу күшін арттыру

  • Вакцинация: Ең сенімді қорғаныс әдісі. Ағзада алдын ала антиденелер қалыптастырады.

  • Дұрыс тамақтану: Дәрумендер мен ақуызға бай ас иммунитетті нығайтады.

  • Шынығу: Спортпен шұғылдану және таза ауада жүру.