Афазия дегеніміз не?
Мидың зақымдануы салдарынан сөйлеудің толық немесе жартылай жойылуы.
Афазияның негізгі себебі қандай?
мидың зақымдануы.
Афазияның ең кең таралған түрі қандай?
Моторлы афазия
Сөйлеуді түсіну бұзылады, бірақ адам өзі еркін сөйлей береді. Бұл қандай афазия?
A) Семантикалық
B) Акустикалық-гностикалық
C) Динамикалық
D) Эфферентті моторлы
B) Акустикалық-гностикалық
-logos және paideia сөздерін аудармасы .
Logos-сөз
paideia-тәрбиелеймін,үйретемін
Афазия қай кезде пайда болады: сөйлеу қалыптасқанға дейін бе, әлде кейін бе?
Афазия сөйлеу қалыптасқаннан кейін пайда болады.
Ми қан айналымының бұзылуы афазияға қалай әсер етеді?
Ми қан айналымының бұзылуы ми жасушаларын зақымдап, сөйлеу функциясын бұзады.
Моторлы афазия кезінде қандай қабілет бұзылады?
Сөйлеуді айту қабілеті бұзылады.
Адам сөздерді есте сақтай алмайды, сөйлемді қайталау қиын. Бұл қай түрі?
A) Акустикалық-мнестикалық
B) Афферентті моторлы
C) Семантикалық
D) Динамикалық
A) Акустикалық-мнестикалық
Анамнез деген не?
Ауру адамның тұрмыс жағдайы және оның сыртқатының басталу себебі мен даму барысын білдіру туралы мағлұмат.
Афазия қандай мүшенің зақымдануымен байланысты?
Афазия бас миының зақымдануымен байланысты.
Афазияға әкелетін 2 себепті ата.
ми жарақаты
инсульт (қан айналымының бұзылуы)
Сенсорлы афазия кезінде адам не істей алмайды?
Сөйлеуді түсіне алмайды.
Күрделі логико-грамматикалық құрылымдарды түсіну қиын (мысалы: «әкесінің ағасы»). Бұл қандай афазия?
A) Динамикалық
B) Семантикалық
C) Эфферентті моторлы
D) Акустикалық-гностикалық
B) Семантикалық
1 ж. 6 айда- ?
2 ж. соңында -
3 ж. қараған шағында -
неше сөз болу керек?
1 ж. 6 айда- 10-15
2 ж. соңында - шамамен 300
3 ж. қараған шағында - 1000 сөз көлемінде
Афазия толық және жартылай болуы нені білдіреді?
Толық афазия – сөйлеу толық жойылады,
жартылай афазия – сөйлеу ішінара бұзылады.
Ісік пен қабыну процестері сөйлеуге қалай әсер етеді?
Ісік пен қабыну ми аймақтарын зақымдап, сөйлеу орталықтарының жұмысын бұзады.
Амнестикалық афазияның ерекшелігі неде?
Адам сөздерді ұмытады, атауларды есіне түсіре алмайды.
Дыбыстарды дұрыс айта алмайды, артикуляция бұзылады. Бұл қай түрі?
A) Афферентті моторлы
B) Динамикалық
C) Акустикалық-мнестикалық
D) Семантикалық
A) Афферентті моторлы
Дислалия түрлері
Функционалдық органикалық
Афазияның «органикалық орталық бұзылыс» деп аталуының себебі неде?
Себебі афазия ми қыртысының сөйлеу аймақтарының органикалық зақымдануынан пайда болады.
Неліктен ми жарақатының орналасуы афазияның түріне әсер етеді?
Себебі әр ми аймағы әртүрлі сөйлеу функциясына жауап береді, сондықтан зақымдану орны афазия түрін анықтайды.
Тотальды афазия кезінде қандай екі негізгі функция жойылады?
Сөйлеу және түсіну қабілеті екеуі де жойылады.
Адам сөйлем құрауда қиналады, өздігінен сөйлеу белсенділігі төмен. Бұл қандай афазия?
A) Эфферентті моторлы
B) Динамикалық
C) Акустикалық-гностикалық
D) Семантикалық
B) Динамикалық
Афазия мен Алалия айырмашылығы
Афазия- бұрын қалыптасқан сөйлеудің жоғалуы
Алалия-балада сөйлеудің бастапқы қалыптаспауы