1 level
2 level
3 level
4 level
5 level
70

«Метаморфизм» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?

«Қайта өзгеру» немесе «түрлену» (meta – соңынан, morph – форма).

70

Метаморфизм процесі таужыныстың қандай күйінде жүреді?

Тек қатты күйінде (балқусыз)

70

Әктас метаморфизмге ұшырағанда қандай таужынысқа айналады?

Мраморға

70

Құмтас метаморфизм нәтижесінде неге айналады?

Кварцитке

70

Метаморфтық таужыныстардың құрамындағы басты химиялық компоненттерді атаңыз

SiO_2, Al_2O_3, FeO, Fe_2O_3, MgO, CaO, Na_2O$, K_2O, H_2O

75

«Автометаморфизм» дегеніміз не?

Магмалық дененің сууы барысында өз флюидтері мен қалдық ерітінділерінің әсерінен өзгеруі.

75

Қысымның неше түрі бар?

Қысымның екі түрі бар: бағытталған және жан-жақты

75

Метаморфизм себепкерлері ??

Температура, қысым және химиялық белсенді компоненттер метаморфизмнің себепкерлері деп аталады

75

Егер метаморфизмде бастапқы таужыныстардың химиялық құрамы елеулі
өзгермесе оны не деп атаймыз?

изохимиялық метаморфизм

75


Егер метаморфизмде бастапқы таужыныстардың
химиялық құрамы өзгерсе не деп атаймыз?

Егер метаморфизмде бастапқы таужыныстардың
химиялық құрамы өзгерсе онда ол процесті метасоматоз дейді

90

Метаморфизм тудыратын энергияның көзіне қарай??
 

Космогендік
және эндогендік түрлері бар

90

Аймақтық метаморфизм көбінесе қандай тектоникалық құрылымдарда орын алады?

Геосинклинальды белдеулерде немесе қатпарлы облыстарда

90

Метаморфизм кезіндегі судың (флюидтің) рөлі қандай?

Ол химиялық реакциялардың жылдамдығын арттыратын катализатор және зат тасымалдаушы

90

«Парагенезис» ұғымын қалай түсінесіз?

Белгілі бір физика-химиялық жағдайда бірге түзілген минералдар ассоциациясы

90

Метаморфтық таужыныстарда кездесетін «реликтік» құрылым деген не?

Бастапқы (магмалық не шөгінді) таужыныстан сақталып қалған құрылым элементтері

95

Амфиболит таужынысы неден тұрады?

Роговая обманка (мүйіз алдамшысы) және плагиоклаздан

95

Нематобластық құрылым деген не?

Призма немесе ине тәрізді минералдардан (мысалы, амфиболдар) тұратын құрылым

95

Лепидобластық құрылым қай таужыныстарға тән?

Слюдалы тақтастар сияқты қабыршақты минералдары бар таужыныстарға

95

Гранобластық құрылымның сипаты қандай?

Минерал түйіршіктері дұрыс емес формалы, бірақ өлшемдері шамалас, изометрлі болып келеді (мрамор, кварциттегідей)

95

Псевдоморфоза дегеніміз не?

Бір минералдың формасын сақтай отырып, оның орнын екінші бір минералдың басуы

100

Скарн таужыныстары қалай түзіледі?

Интрузия мен карбонатты таужыныстардың жапсарындағы химиялық алмасу (метасоматоз) нәтижесінде

100

Полиметаморфизм деген не?

Таужыныстың бірнеше рет, әртүрлі уақытта және әртүрлі жағдайларда метаморфизмге ұшырауы

100

Пойкилобластық құрылым деген не?

Ірі кристаллдың (порфиробластың) ішінде ұсақ минералдардың қоспа ретінде кездесуі

100

Катаклаз кезінде минералдардың түйірлері қалай өзгереді?

Олар майдаланады, жарылады және оптикалық қасиеттерінде (бұрыс сөну) деформация пайда болады

100

Метаморфизмнің ең жоғарғы сатысы (балқу алдындағы) қалай аталады?

Ультраметаморфизм