Jaratylys
PRL
SIRA
KK
RNK
100

Көк кит — планетамыздағы ең үлкен жануар. Ол күніне орта есеппен неше тонна тамақ (планктон/криль) жейді?

Көк кит — планетамыздағы ең үлкен жануар. Ол күніне орта есеппен неше тонна тамақ (планктон/криль) жейді?

100

Әзірет Әбу Бәкір (р.а.) қажетсіз сөйлемеу үшін қандай әдіс қолданғаны айтылады?

Ол аузына кішкене тас салып қоятын, сөйлеу қажет болғанда ғана оны алып, сөйлеп, сосын қайта салатын.

100

Миғраж оқиғасына дейін қалай намаз оқылды?

Тахаджуд парыз күйінде

100

Аллаһтың тумаған және туылмағандығы жайлы қай сүреде айтылады?

Ықылас

100

Бастапқы сөздерде Ұстад ең көп қандай мысалды келтіреді?

Жолға шыққан екі адамның оқиғаларын.

200

Адам ағзасындағы ең мықты, ең қатты ұлпа (ткань) немесе зат қай жерде орналасқан?

Тіс кіреукесі (эмаль).

200

Кітапта «зүһд» ұғымы қалай түсіндіріледі және ол неден басталуы керек?

Зүһд — дүниені кәсіп жағынан емес, жүрекпен тәрк ету, дүниелік ләззаттар мен мал-мүлікке ілтипат танытпау; ол кіші нәрселерден басталып, бірте-бірте үлкеніне қарай жаттығу арқылы адамның ажырамас бөлігіне айналады.

200

Пайғамбарымыз с.а.с. Мәдинаға дейін және кейін намаз оқуында қандай өзгерістер болды?

Қағба мен Құдысты бір бағытқа қойды, аят түскен кезде тек Қағбаға қарап оқыды
200

Алғашқы толық түскен сүре?

Мүддәсир

200

Сегізінші сөздегі құдыққа түскен адамның көргендері (60 метр, екі тышқан) нені бейнелейді?

екі тышқан күн мен түн, 60 жылдық өмір орташа есеппен.


300

Дүниежүзілік мұхиттың ең терең нүктесі — Мариан шұңғымасының тереңдігі шамамен неше метр?

Шамамен 11 000 метр (дәлірек айтқанда 10 994 метр).

300

Кітап бойынша, шәһуат күші адамға қандай иләһи мақсатпен берілген?

Адамзаттың жер жүзінде жалғасуы, жердің игерілуі, өркениеттердің құрылуы, түрлі қауымдардың таралуы және сол өңірлерде Алланың атының аталуына қызмет ету үшін берілген.

300

Бәйтүл Мидрас деген не?

Яһудилердің ғибадатханасы, мереке өткізетін жері

300

Бір сүреде бір аят 32 рет қайталанады арабшасын айт?

فَبِأَيِّ آلَاءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ

«Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін жоққа шығарасыңдар?»

300

Ұстад өзінің міндетін атқарып демалысқа шығуды немен теңестіреді?

Өлім

400

Күн жүйесіндегі алып планеталардың бірінің тығыздығы судан да төмен. Егер оны су толы алып ваннаға салсақ, ол батпай, су бетінде қалқып жүрер еді. Бұл қай планета?

Сатурн

400

Автор бойынша, «ихсан санасының» адам мінез-құлқын реттеудегі ең басты, түпкі мәні неде — яғни сыртқы бақылаудан гөрі не маңыздырақ деп көрсетіледі?

Автор «ең бастысы — әр пенденің соңына бір күзетші қою емес, жүрегіне бір тыйымшы (ішкі сақшы) орналастыру» дейді — яғни адамды сырттан бақылап отыратын күзетші емес, оның өз жүрегінде қалыптасқан, Алланың оны әрдайым көріп тұрғанын сезінуден туындайтын ішкі өзін-өзі тежеу механизмі маңызды. Осы ішкі сана арқасында адам өзін-өзі қадағалап, есеп-қисабын жасап, мінез-құлқын өз бетінше реттейді.

400

Яһудилер Мәдинада әртүрлі бір соғыстан төбелес қақтығыстардан жеңілген уақытта қандай сөздер айтатын?

Иә, бүгін сендер жеңіске жетіп тұрсыңдар, бірақ ертең әлгі пайғамбар келгенде біз онымен бірігеміз, сонда біз сендерге көрсетеміз

400

عَبَسَ وَتَوَلَّىٰ
أَن جَاءَهُ الْأَعْمَىٰ
وَمَا يُدْرِيكَ لَعَلَّهُ يَزَّكَّىٰ
أَوْ يَذَّكَّرُ فَتَنفَعَهُ الذِّكْرَىٰ


Абаса сүреснің осы аяттарында Пайғамбарымызға с.а.с қандай ескерту бар ?

 

«(Пайғамбар) қабағын түйіп, теріс бұрылды. Өйткені оған соқыр адам келді. Сен қайдан білесің? Мүмкін, ол тазарып (рухани өсер), немесе насихат алып, насихат оған пайда берер еді.»

           Бұл қандай оқиға?

Пайғамбарымыз ﷺ Құрайыштың беделді басшыларын Исламға шақырып отырған кезде, көзі көрмейтін сахаба Абдуллаһ ибн Үммү Мактум (р.а.) келіп, Құраннан үйретуді сұрайды. Сол сәтте Пайғамбар ﷺ әңгімесінің бөлінгеніне қынжылып, оған бірден көңіл бөле қоймайды. Осыған байланысты Алла Тағала осы аяттарды түсіріп, Пайғамбарын ﷺ тәрбиелеп, ең әуелі шынайы ықыласпен білім іздеген адамға көңіл бөлу керектігін білдірді.

400

Алтыншы сөзде адамның нəпсісі мен малын Аллаһқа сатуының басты пайдасы қандай?

 Фəни (өткінші) нəрсенің бақи (мəңгілік) болып қалуы және оның құнының шексіз артуы

500

Альфред Нобель өзінің барлық байлығын «Нобель сыйлығын» құруға өсиет етіп қалдырған. Ол өмірде қандай жойқын затты ойлап тауып, содан байыған еді?

Динамит

500

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жалғыздық пен жамағат туралы айтқан хадисі не дейді және автор бұдан қандай қорытынды шығарады?

«Жалғыз өзі жолға шыққанның серігі — шайтан; екі кісіде де солай, ал үш кісі болса — ол жамағат» дейді; демек, адамға сенімді, салиқалы достардан құралған орта қажет, өйткені жалғыздық пен аз адамдық шайтанның адасуларына есік ашады, ал үш немесе одан көп адам жамағат құрғанда бұл қауіп азаяды.

500

Пайғамбарымыз ﷺ Бәйтул Мидрасқа барған кезде Тәуратқа байланысты не жасады?

Өзі отырған төсенішті алып, кітапты сол төсеніштің үстіне қойды (кітапқа құрмет көрсетті)

500

«Егер бәрі бірігіп жиналса да, бір шыбынды жарата алмайды» деген аят қай сүреде?

ХАЖ 73

500

Сегізінші сөзде айтылған оқиға қай пайғамбардың сухуф парақтарында келген оқиға?

Ибраһим а.с.