Жылдың неше айында 28 күн бар?
12 айында
Сегізаяқтың неше жүрегі бар?
Үш
Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл?
Антарктида шөлі
POV аббревиатурасы нені білдіреді?
Point of View
Қай елде қызанақ лақтыру фестивалі өтеді?
Испания
Жарыста екінші орында келе жатқан адамды басып озсаң, нешінші орында боласың?
Екінші
Қандай жануардың саусақ іздері адамдікіне ұқсайды?
Коала
Қай материк төрт жарты шарда да орналасқан?
Африка
FYP аббревиатурасының толық атауы қандай?
For You Page
Сумо күресі қай елде пайда болған?
Жапония
Бөлменің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысық бар. Бөлмеде неше мысық бар?
4 мысық
Қандай жануар текше пішінді нәжіс шығарады?
Вомбат
Қай мемлекеттің туы тік төртбұрышты емес?
Непал
«Шрек» мультфильміндегі мысықтың ерекше киімі қандай?
Етік
Қай елде әйелін көтеріп жүгіруден әлем чемпионаты өткізіледі?
Финляндия
Әтеш үйдің төбесіне жұмыртқа салса, жұмыртқа қай жаққа домалайды?
Әтеш жұмыртқа салмайды
Шотландияның ұлттық символдық жануары қандай?
Бірмүйізді ат
Франция мен Бразилияның ортақ шекарасы бар ма?
Иә, Француз Гвианасы арқылы
TikTok қосымшасының Қытайдағы нұсқасы қалай аталады?
Douyin
Қай елде адамдар төбеден домалаған ірімшіктің артынан жүгіреді?
Ұлыбритания
Сағат 6 рет соғу үшін 5 секунд қажет. 12 рет соғу үшін қанша секунд қажет?
11 секунд
Акулалар мен ағаштардың қайсысы Жер бетінде ертерек пайда болған?
Акулалар
Дүниежүзіндегі ең үлкен арал?
Гренландия
«Мем» терминін ғылымға енгізген ғалым кім?
Ричард Докинз
Қай елде Жаңа жыл түні 12 жүзім жеу дәстүрі бар?
Испания