Крест жорықтарының мерзімі (Алғашқы және соңғы)
1096 – 1270 жж
Осман түріктері мемлекеті құрылған жыл?
1299 жылы
Ұлы княз атағын алған Руссь князі?
Иван Калита (1322-1340 жж)
Чжу Юань Чжан 1368 жылы қытай халқын монғол басқыншылығынан толық азат еткеннен кейін билікке келген әулет?
Мин әулеті
VІ ғасырда шығыс славян тайпалары мекендеген аймақ?
Киевтен Воронежге дейінгі орманды дала алқабы
Ислам әлеміне қарсы жорыққа аттануды үгіттеуді бастаған шіркеу басшысы?
ІІ Урбан папа
Соғыс кезінде көрсеткен ерлігі үшін Иылдырым (найзағай) деген ат берілген сұлтан?
Иылдырым Баязит (1360-1403 жж)
Куликово шайқасы қашан болды және кімдердің арасында? Нәтижесі?
1380 жылы Дмитрий Донской Алтын Орда ханы Мамайдың арасында. Алтын Орда әскерлері жеңілді.
Қытайдағы жібек өндірісі орталығы болған қалалар?
Сучжоу, Нанкин, Ханчжоу
Киев жерін 33 жыл бойы басқарған князь?
Княз Олег
Төртінші крест жорығынан (1202-1204 жж) кейін Еуропаның ең бай қаласы Византияда кресшілер құрған мемлекет?
Латын империясы (Ол 1261 жылға дейін өмір сүрді)
1389 жылы Серб сарбазы Милош Обиличтің қолынан қаза тапқан Осман империясының сұлтаны?
І Мұрад
• Бұрынғы боярлар Думасының орнына Зем соборын құрған князь?
ІV Иван Грозный (1547-1584 жж)
Қытайда Маньчжурлар үстемдігіне қарсы күрес ұйымдастырған құпия ұйымдар?
“Ақ лотос”, “Аспан ақыл-парасаты”
Княгиня Ольганың Константинопольге (Византия) сапарының (957 жылы) қандай нәтижесі болды?
Киев Русіне Византия мәдениеті мен христиан дінінің таралуына ықпал етті.
Сегізінші крест жорығынан кейін (1270 ж) қайтыс болған Француз корольі?
ІХ Людовик
1453 жылы Осман түріктері әскерінің қолынан қаза тапқан Византия мемлекетінің соңғы императоры?
Константин ХІ Палеолог (1444-1453 жж)
Еуропаға барған алғашқы орыс патшасы?
І Петр
Екінші апиын соғысының мерзімі және нәтижесі?
1856-1860 жж. Қытай Англиямен және Франциямен жеке-жеке Тяньцзинь келісіміне қол қояды.
Киев Русі қай князь кезінде және қай жылы христиан дінін қабылдады?
988 жылы,Владимирдің (978-1015 жж) тұсында
Антиохия княздігі, Эдесса графтығы, Иерусалим корольдігі деген мемлекеттер нешінші крест жорығынан кейін құрылды?
Бірінші крест жорығы (1096-1099 жж)
"Гайдуктер" деген кімдер?
Осман империясының қысымына қарсы бас көтерген Болгар және Серб партизандары?
1861 жылы басыбайлылықты жойған орыс патшасы?
ІІ Александр (1855-1881 жж)
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Қытайда елді күйреуден сақтап қалу жолдарын белгілеген саясат қалай аталды?
“Өзін-өзі күшейту”
Орыс мемлекетінің нығайып, гүлденуіне негіз қалаған князь?
Ярослав Мудрый (1019-1054 жж)