ОЛИМПИАДА ең кіші мәнін тап
102342565
Неше екітаңбалы жұп сан бар?
45
Мен қандай да бір сан ойладым. Ол саннан 24-ті азайттым, содан соң 4-ті қостым. Сонда 21 шықты. Ойлаған сан қандай?
41
122*144*166*188 санының соңғы цифрын тап
4
ақпан сөзінің әріптер жиыны А жиыны болсын, ал қаңтар сөзінің әріптер жиыны В жиыны болсын. Онда А мен В жиындарының бірігуінде неше элемент болады?
7
АСТАНА+БАС+ҚАЛА ең үлкен мәнін тап
987949+592+6939=995480
Тек тақ цифрлардан тұратын неше екітаңбалы сан бар?
5*5=25
Мен бір сан ойладым, ол санға 2-ні қостым, шыққан санды 2-ге көбейттім. Шыққан санды 3-ке бөлдім және 4-ті азайттым сонда 8 шықты. Ойлаған сан қандай?
16
Қатар тұрған 2 санның қосындысы жұп цифрмен аяқталуы мүмкін бе? Дәлелдеу керек
Мүмкін емес, себебі қатар тұрған екі санның біреуі тақ, біреуі жұп болады. Ал олардың қосындысы тақ сан болады, демек соңғы цифры тақ.
Бір аптада дүкеннен 19 адам теледидар, 13 адам мұздатқыш сатып алған, ал 8 адам теледидар да мұздатқыш та сатып алған. Неше адам тек мұздатқыш сатып алды.
5
ЗЕРДЕЛІ+БАЛА ең үлкен мәнін тап
9876832+5434=9882266
Сыныпта 30 оқушы бар. Олардан 2 оқушыны неше тәсілмен таңдай аламыз?
435
Қабырғасы 12 см болатын дұрыс үшбұрыштан тіктөртбұрыш жасалды. Пайда болған тіктөртбұрыштың ұзындығы енінен екіге көп болса, оның ауданын тап
8*10=80
Кітап бетін номерлеуге 1087 цифр қажет болған. Кітапта неше бет бар екенін тап егер номерлеу үшінші беттен басталса
399
a$b=3a+b, онда 5$(2$1)=?
5$7=15+7=22
АСПАН-ҚАНАТ ең кіші мәнін тап
98790-19092=79698
Асқар, Нұржан, Елдос, Қанат, Жәңгір бір қатарға тұруы керек. Жәңгір төртінші тұрмайтындай қылып неше тәсілмен оларды орналастыруға болады?
4*3*2*4*1=96
Ерасыл дүкеннен әрқайсысы 500 тг болатын екі балмұздақ пен 200 тг болатын шоколад сатып алды. Қалған ақшасының төрттен үш бөлігін қарындасына берген соң Ерасылда 500 тг қалды. Ерасылда басында қанша ақшасы болды?
500+1500+200+1000=3200
Кітап беттері 1,3,5,... яғни тақ сандар арқылы ғана номерленген. Егер кітаптың соңғы бетінің номері 1067 болса, оны номерлеуге неше цифр керек болған?
1*5+2*45+3*450+4*34=1131
6@5&1=6+7+8+9+10,
3@4&7=3+10+17+24,
1@3&2=1+3+5 болса
5@x&3=98 болса х=?
х=8
ЗЕРДЕЛІ+БАЛА ең үлкен мәнін тап
256+3125=3381
0,1,2,3,4 цифрлары жазылған 5 карточка үстел үстінде жатыр. Олардың көмегімен неше натурал сан құрастыра аламыз?
4+16+48+96+96=260
Тіктөртбұрыштың периметрі 48 см. Егер оның енін 4ке арттырса ауданы 64ке артады. Бастапқы тіктөртбұрыштың ауданы нешеге тең
16*8=128
Кітап беттері 1,3,5,... яғни тақ сандар арқылы ғана номерленген. Егер кітаптың беттерін номерлеуге 263 цифр қажет болса, кітапта неше бет бар екенін және соңғы бетінің номерін тап
Кітаптың соңғы беті 211 және барлығы 106 бет бар
1+2+3-4+5+6+7-8+...+97+98+99-100=?
25*196/2=2450