Анықтама
Мақсаты
Негізгі түрлері
Тест сұрақтары
Тыйым салынған және рұқсат етілген тағамдар
100

Диета дегеніміз не?

Диета – бұл белгілі бір уақыт ішінде адамның күнделікті тағамын таңдау мен тұтыну тәртібі. Диета сөзінің негізі "диетология" — тамақтану туралы ғылымнан шығады.

100

Диетаның негізгі мақсаты 

Диетаның негізгі мақсаты: денсаулықты сақтау, салмақты реттеу, ағзаның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

100

Диетаның негізгі түрлерін ата

Диета түрлері:

1.Нольдік диета

2.Дженни Крейг диетасы

3.Нутрижүйе диетасы

4.Вегетариандық диета

5.Зона диетасы

6.Микробиотикалық диета

7.Қырыққабат сорпасы диетасы

8.Орниш диетасы

100

300 балл. Емдік тамақтануда ыстық тағамдар үшін ең қолайлы температура қандай?
A) 30°C
B) 45°C
C) 60°C
D) 80°C
 

Дұрыс жауап: C

100

№3 диетада (іш қату) қандай сусындарға тыйым салынады?


Жауап: Кисель, ащы шай, какао  

200

Емдік диета дегеніміз не?

Емдік диета — тағамдық өнімдер мен қоректік заттектердің мөлшерлік және сапалық ара қатынасын, аспаздық өңдеу тәсілдерін, тамақтану тәртібін ескере отырып құрастырылған мерзімдік тамақ мөлшері мен құрамы.

200

Емдік диетаның мақсаты

Емдік диетаның мақсаты — қоректік заттектердің мөлшерлік қатынасын өзгерте отырып, организмдегі зат алмасуды ретке келтіру. Аурудың өршіген кезеңінде функциясы әлсіреген органға жеңілдік туғызу үшін белгілі мерзімге аялауыш емдік диета беріледі, кейде арнайы емдік диета орган функциясын арттыру үшін де береді.

200

Нольдік диетаны қалай ұстану керек?

Бұл  диетаны ұстаған адамдар күніне үш литр сұйықтықтан басқа еш нәрсе қабылдамауы қажет. Дәрігерлердің қадағалауымен жүргізілетін диета.

200

"Диеталар – адам денсаулығын сақтау, емдеу немесе салмақ реттеу мақсатында арнайы тағам режимдері" деген анықтамаға сүйене отырып, төмендегілердің қайсысы ДИЕТА бола алмайды?
A) Ауруханадағы науқасқа берілетін емдік тамақ
B) Спортшының жарыс алдындағы арнайы тамақтануы
C) Мереке күні тойғанша ет жеу
D) Аллергиясы бар адамның белгілі бір тағамнан бас тартуы

C) Мереке күні тойғанша ет жеу

200

№7 диетада (бүйрек аурулары) қандай нан түрлері шектеледі?

Жауап: Тұзы бар нан

300

 Диета таңдаудағы ең маңызды факторлардың бірі - ағзаның ерекшеліктері. Бұл нені білдіреді?

Әр адамның ағзасы әртүрлі тағамдарға әртүрлі жауап береді

300

Дұрыс тамақтану принциптерінің бірі қандай?

Уақытында тамақ іш

300

диеталардың қайсысы өнімдерді сатумен тікелей байланысты және тек интернет арқылы қол жетімді?

Нутрижүйе диетасы

300

Қай диета түрі емдік диетаның "аялауыш" принципіне сай келеді? (Ауру асқынған органға жеңілдік туғызу)
A) Аткинс диетасы (жоғары ақуызды)
B) Орниш диетасы (жүрекке жүктемені азайту үшін майсыз)
C) Нутрижүйе диетасы (дайын тағамдар)
D) Вегетариандық диетаның жеміс-жаңғақ түрі

B) Орниш диетасы (жүрекке жүктемені азайту үшін майсыз)

300

№6 диетада (подагра) неліктен ет, балық және саңырауқұлақ сорпаларына тыйым салынады?

Жауап: Себебі бұл сорпалардың құрамында пурин негіздері көп болады. Подагра кезінде пурин алмасуы бұзылғандықтан, оларды шектеу қажет

400

"Диетология" ғылымы нені зерттейді?

Тамақтану туралы ғылым, тағамның ағзаға әсерін

400

№11 диетада (туберкулез) қандай дәрумендерге ерекше көңіл бөлінеді?

С және В тобы дәрумендері

400

 "Тек қырыққабат сорпасын ішу" диетасы мен "тағамдарды инь және янь" деп бөлу диетасы қандай ортақ қателікке немесе қауіпке әкелуі мүмкін

 Екі диета да тағам түрлерін қатты шектейді, бұл ағзаның маңызды қоректік заттарды (майлар, ақуыздар) жеткіліксіз алу қаупін тудырады. 


400

Емдік диетаның екі түрлі бағыты (аялауыш және функцияны арттыратын) қандай жағдайларда қолданылады? Логикалық тұрғыдан сәйкестендіріңіз.
A) Аялауыш – ауру асқынғанда, функцияны арттыратын – ағзаның қорғаныс күшін көтеру үшін
B) Аялауыш – сау адамдарға, функцияны арттыратын – спортшыларға
C) Аялауыш – балаларға, функцияны арттыратын – ересектерге
D) Аялауыш – жазда, функцияны арттыратын – қыста

A) Аялауыш – ауру асқынғанда, функцияны арттыратын – ағзаның қорғаныс күшін көтеру үшін

400

№10 диетада (жүрек-қан тамыр) тұзсыз тағамдардың дәмін келтіру үшін қандай 5 түрлі қоспаны қолдануға болады?
 

Жауап: Қант, бал, лимон, лимон шырыны мен қышқылы, қою томат шырыны, ванилин, дәмқабық, қалампыр (кез келген 5-еуі)

500

Емдік тамақтанудағы "аялауыш диета" түсінігі нені білдіреді? 

Аурудың өршіген кезеңінде функциясы әлсіреген органға жеңілдік туғызу үшін белгілі мерзімге берілетін диета

500

№9 диета (қант диабеті) бойынша тағам дайындаудың ерекше шарттарының бірі - көкөністерді 8-12 сағат суда ұстау. Бұл не үшін жасалады?

Крахмал мөлшерін азайту үшін

500

"Қырыққабат сорпасы диетасы", "Вегетариандық диета" және "Нольдік диета" мысалдарын салыстыра отырып, ең ұзақ мерзімді және физиологиялық тұрғыдан негізделген диета қайсысы?

Нольдік диета дәрігер бақылауымен қысқа мерзімге ғана арналған. Қырыққабат сорпасы диетасы монотонды. Ал вегетариандық диета (әсіресе вегетариандық) жан-жақты болуы мүмкін.

500

 жүрек, бауыр және бүйрек ауруларына тұзсыз диета белгіленгенде, науқастың тәбетін жоғалтпау үшін қандай әдіс қолданылады?
A) Тамаққа көбірек бұрыш қосу
B) Тамақты мүлдем тұздамау
C) Тамаққа қант, бал, лимон қышқылын, жеміс-жидек қосу
D) Тамақты тек суда пісіру
 

Дұрыс жауап: C


500

№4 диета мен №3 диетаның тыйым салынған тағамдарын салыстырыңыз. Неліктен бір диетада тыйым салынған тағам екіншісіне рұқсат етілуі мүмкін? Мысал келтіріңіз.

Жауап: №3 диета (іш қату) ішек қозғалтқыштығын арттыруды қажет етеді, сондықтан онда ішекті босаңсытатын кисель, ащы шай, көкжидекке тыйым салынады. Ал №4 диетада (іш өту) керісінше, ішек қозғалтқыштығын төмендету керек, сондықтан онда табиғи жеміс-жидек шырындарына тыйым салынады, себебі олар ішекті тітіркендіріп, іш өтуді күшейтеді.