Бұлттық технологиялар
Бұлттық технологиялар
10

Бұлттық технологиялар дегеніміз не?

Цифрлық деректерді өңдеу технологиялары арқылы интернет-пайдаланушыға барлық қызмет түрлері бір аппараттық жүйеде біріктіріліп онлайнсервис ретінде ұсынылуы.

10

Бұлттық қызмет модельдерін ата?

Негізгі 3 модель бар: IaaS, PaaS, SaaS.

20

Бұлттық технологияның түрлері?

Жеке бұлт, қоғамдық бұлт, аралас бұлт, ортақ бұлт.

20

Бұлттық технологияны қолдану салалары?

Білім беруде, қаржы индустриясында, медицинада, іскерлік салада және т.б.

30

Ортақ бұлттар деп қандай ортаны айтамыз?

Ортақ мақсаттары бар қоғамдық тұтынушыларға арналған инфрақұрылым. Басқару және қызмет көрсету мәселелері бойынша барлық жауапкершілік осы бұлттың иесіне жүктеледі. Кез келген компания мен жеке тұтынушы қолданушы бола алады.

30

IaaS — Infrastructure as a Service Инфрақұрылым қызмет ретінде анықтамасы?  

IaaS — пайдаланушыға виртуалды серверлер, жад, желі ресурстарын бұлт арқылы ұсыну.

40

Бұлттық технологиялардың негізгі қызметтері?

Файлдарды сақтау (Google Drive, OneDrive), Деректер қорын басқару, Үлкен көлемдегі есептеулер, Бағдарламаларды іске қосу, Онлайн бірлесіп жұмыс істеу.

40

SaaS — Software as a Service Бағдарлама қызмет ретінде анықтамасы?

SaaS — дайын бағдарламаны интернет арқылы пайдалану.

50

Бұлттық технологияның артықшылықтары? 

Интернетке қосылған кез келген құрылғы арқылы (ДК, планшет, смартфон және т.б.) басқарылады; көптеген программалар тегін (немесе қолжетімді бағада) және
үнемі программалардың ең соңғы нұсқасымен жаңарып отырады; арнайы операциялық жүйелерді талап етпейді; кез келген жерде, кез келген уақытта ақпарат қолжетімді; көптеген қолданушылар үшін бірлескен жұмысты жеңілдетеді;

50

Бұлттық технологияның кемшіліктері?

Интернет болмаған жағдайда жұмыс тек құрылғыға жүктелген құжаттармен жұмыс істеумен шектеледі; бұлттық программалардың жұмыс жасау жылдамдығы баяу болады; ақпараттың зақымдалу қаупі бар; көптеген бұлттық сервистер бірнеше гигабайт көлемді ғана тегін ұсынады, ал оны тек қосымша ақы төлеу арқылы кеңейтуге болады;