Еуро
Иена
кувейт
Фунт
рандом
100

Еуро қай жылы айналымға енгізілді және қандай мақсатта?

Еуро 1999 жылы қолма-қол емес формада (банктік есептерде, аударымдарда) енгізілді, ал 2002 жылы қағаз және металл ақша түрінде айналымға шықты.

100

Қазіргі иена банкноттарында қандай ұлттық тұлғалар бейнеленген

1000 иендік банкнотта дәрігер Хидэё Нагаёси, 5000 иенде жазушы Хигути Ичё, 10 000 иенде ағартушы Фукудзава Юкити бейнеленген.

100

Кувейт динары қай жылы енгізілді және ол неге байланысты пайда болды?

Кувейт динары 1961 жылы енгізілді. Бұған дейін елде үнді рупиясы қолданылған. Тәуелсіздік алған соң, Кувейт өз ұлттық валютасын енгізіп, экономикалық егемендігін нығайтты.

100

Фунт стерлинг қай елдің ұлттық валютасы

Фунт стерлинг — Ұлыбританияның ұлттық валютасы.

100

Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен

тұрса қанша кг?

3 кг

200

Еуро аймағына кіретін мемлекеттер қандай ортақ ұйым арқылы ақша саясатын жүргізеді?

Еуропалық орталық банк (ЕОБ) жүргізеді

200

Жапон иенасы қандай жағдайда нығайып немесе әлсірейді?

•    Нығаяды: әлемдік дағдарыс кезінде, себебі инвесторлар қауіпсіз активтерге көшеді.

    •    Әлсірейді: Жапон Банкі төмен пайыз мөлшерлемесін сақтағанда және экспорт өсімі үшін нарыққа иенаны көп шығарғанда.

200

Кувейт динарының валюта коды мен символы қандай?

Коды: KWD

Символы: د.ك немесе KD

Мәні: «Динар» сөзі латынның denarius — «күміс ақша» деген сөзінен шыққан.

200

Фунттың валюта коды мен символы қандай және олардың мәні неде?

Коды: GBP (Great Britain Pound)

Символы: £

Мәні: £ белгісі латынның libra (салмақ өлшемі) сөзінен шыққан, яғни «теңгерім» немесе «салмақ» ұғымын білдіреді.

200

Саңырауқұлақтар неліктен зонтқа

ұқсайды?

Жаңбыр астында өскендіктен

300

Еуроның валюта коды мен символы қандай және олардың мәні неде?

Коды: EUR

Символы: €

Мәні: € белгісі грек әрпінен алынған «E» (Еуропа) және екі параллель сызық тұрақтылықты білдіреді.

300

Иенаның айырбас бағамы неге көбіне доллармен өлшенеді?

Себебі АҚШ пен Жапония арасындағы сауда көлемі үлкен, ал доллар — негізгі халықаралық есеп айырысу құралы.

300

Кувейт динары неліктен әлемдегі ең қымбат валюта болып саналады?

Кувейттің экономикасы мұнай экспортына негізделген және елдің сыртқы қарызы өте аз, экономика тұрақты. Сондықтан 1 кувейт динарының бағамы жоғары (1 KWD ≈ 3,25 АҚШ доллары шамасында).

300

Неліктен Ұлыбритания еуроға өтпей, фунтты сақтап қалды?

Британия өз экономикалық тәуелсіздігін және ақша саясатын бақылауды сақтау үшін еуроға өтпеді.

300

Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда

екеу Астанада көп? Ол не?

“А” әрібі

400

Еуроға өтпеген Еуропалық Одақ мүшелері неге оны қабылдамаған?

Кейбір елдер (мысалы, Дания, Швеция, Польша) экономикалық тәуелсіздігін сақтау, ұлттық ақша саясатын өздері басқару үшін еуроны қабылдамаған.

400

Иена қандай экономикалық саясаттың негізінде әлсіретіліп тұрады және не үшін?

Жапон үкіметі “әлсіз иена” саясатын ұстанады — яғни валютаны сәл арзанда ұстап, экспортты (авто, техника, электроника өнімдерін) арзан бағада шетелге сатуды жеңілдетеді.

400

Кувейттің валюталық саясатын кім басқарады?

Кувейттің ақша және несие саясатын Кувейт Орталық Банкі (Central Bank of Kuwait) басқарады.

400

Фунттың бағамына әсер ететін негізгі факторлар қандай?

    •    Англия Банкі белгілейтін пайыз мөлшерлемесі

    •    Елдегі инфляция деңгейі

    •    Экономикалық өсім мен саяси тұрақтылық

    •    АҚШ доллары мен еуро бағамдарының өзгерісі

400

Бір кісі найзағай жарқылдаған сайын

шашын тарайды екен, неге?

Фотоға түсіп жатырмын деп ойлайды

екен

500

Еуроның әлемдік нарықтағы орны қандай және ол АҚШ долларымен қалай бәсекелеседі?

Еуро — әлемдегі екінші резервтік валюта (АҚШ долларынан кейін). Көптеген елдер халықаралық саудада еуроны пайдаланады, себебі ол тұрақтылық пен сенімділікті қамтамасыз етеді.

500

Жапон иенасы не себепті “қауіпсіз валюта” деп аталады?

Әлемдік нарықта дағдарыс не соғыс кезінде инвесторлар өз ақшасын иенаға аударады, себебі Жапонияның экономикасы тұрақты және мемлекеттік қарызы өз азаматтарының қолында.

500

Кувейт динарының тұрақтылығына әсер ететін негізгі факторлар қандай?

    •    Мұнай бағасының деңгейі

    •    Мемлекеттің сыртқы резервтері

    •    Төмен инфляция

    •    Валюталық қорлардың жоғары болуы

500

Фунттың әлемдік нарықтағы рөлі қандай?

Фунт — әлемдегі ең тұрақты және беделді 4 негізгі валюта қатарына кіреді (доллар, еуро, иена, фунт). Көптеген орталық банктер оны резервтік валюта ретінде сақтайды.

500

Тарихта ең үлкен қалпақ киген кім?

басы ең үлкен адам