Жалпы физика
Физикалық тіл
Есептік физика
Физикалық мақал
Физикалық жұмбақтар
100

Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама

Үдеу

100

"Метр" сөзі грек тілінде қандай мағынаны білдіреді?

грек сөзі  « өлшеймін»

100

Массасы 10кг дененің 50м жүрген жолында жылдамдығы 5м/с-тан 15м/с-қа дейін көбейді. Денеге әсер ететін күшті тап. 

Денеге әсер ететін күшті Ньютонның екінші заңымен табамыз:

a=F/m     F=ma       a=V22-V12/2S 

F=m(V22-V12)/2S

F=10кг(225м2/c2-25м22)/100м=20Н

100

Мақал-мәтелдің физикалық мағынасын тап. 

Жұпарды жасырғанмен иісі білдіреді.

Диффузия

100

Бірдей көлемдегі масса, 

кейде aз да кейде көп

Делінеді бұл шама   

Аталуын тапшы тек.

тығыздық

200

Галактикаларды, тұмандықтарды, жұлдыз шоғырларын т.б денелерді қамтитын, шекарасы нақты анықталған аспан сферасының бөлігі

Шоқжұлдыз

200

"Диффузия" латын тілінде қандай мағынаны білдіреді?

латын сөзі «жайылу, таралу»

200

Еркін құлаған дене соңғы секундта 15м жүріп өтсе, дененің құлау уақыты

2 секунд

200

Мақал-мәтелдің физикалық мағынасын тап.

алты қадам алдын көрмеген, алысқа ұзап кете алмас.

Механикалық қозғалыс

200

Жылдамдықты өзгертеді
Қозғалысты тездетеді
Қарсы шықса қозғалысқа
Тоқтарына көз жетеді.

Күш

300

Егер барлық жарық түстерін араластырсаң не шығады?

ақ түс

300

"Гипотеза" сөзінің мағынасы?

грек сөзі «болжам»

300

Массасы 4кг дененің қозғалысы х=8+12t+0,5t2 теңдеуімен берілген. Санақ басынан 10с кейінгі дененің импульсін табыңдар.

Дененің импульсін P=mV формуласы арқылы анықтаймыз.

V0=12м/c, а=1м/с2,

V=V0+at=12м/c+10*1м/с2=2м/с

P=4кг*2м/с =8кг*м/с

300

Мақал-мәтелдің физикалық мағынасын тап.

Отқа салса, темірде балқиды.

Заттың күйлері

300

Жердің жүзін шарлайсың
Онсыз еш жерге бармайсың
Көлікпен де, жаяу да
Саралайсың, таңдайсың.

Жол

400

Гравитациялық тұрақты мәнін кім ашты және мәні нешеге тең?

Гравитациялық тұрақтының мәнін алғаш рет 1798 жылы ағылшын ғалымы Г.Кавендиш тәжірибе жүзінде анықтады

G=6,67*10-11 Н*м2/кг2

400

"Инерция" латын тілінде қандай мағына білдіреді?

латын сөзі «қозғалыссыздық, әрекетсіздік»

400

Көлденең толқынның ұзындығы 0,5м тең. Үшінші және жетінші өркештердің арақашықтығын табыңдар.

n=7-3=4

L=nL1=4*0,5м=2м

400

Мақал-мәтелдің физикалық мағынасын тап.

Жел соқпаса шөптің басы қозғалмайды.

Ньютонның бірінші заңы

400

Сипаттайды жұмысты
Тындырады көп істі
Ол көп болса ширақсың
Кімдер әлсіз, кім күшті?

Қуат

500

Найзағай, Лава, Күннің беті, Жердің центрі — ең суығынан ең ыстығына дейін реттеп орналастыр.

3еуін қатар тапса дұрыс саналады

Лава - 800-1200 °C

Күннің беті - 5500 °C

Жердің центрі - 6000-6500 °C

Найзағай - 30,000 °C

500

"Астрономия" сөзінің  мағынасы қандай?

грек сөзі  « жұлдыз, заң»

500

Массасы 80кг шаңғышы таудың түсе берісінде 10м/с жылдамдыққа ие болды да, горизанталь бетпен қозғалысын жалғастырды. Егер оған әсер етуші үйкеліс күші 20Н ға тең болса, шаңғышы қанша уакыттан кейін тоқтайды?

Fүйк=ma    a=V-V0/t

t=mV0/t

500

Мақал-мәтелдің физикалық мағынасын тап.

Аяқ сүрінсе , басқа салмақ түсер.

Инерция

500

Күш көбейсе артады
Ауадан артқа тартады
Жүзі жұқа үшкір зат
Одан бірақ қорқады.

Қысым