Этногенез дегеніміз не?
Халықтың пайда болуы мен қалыптасу үдерісі.
Түркі тайпалары қандай тілде сөйлеген?
Түрік
Қазақ халқы қай аймақта қалыптасты?
Қазақстан аумағында.
Қыпшақтар қандай тайпаларға жатады?
Түркі тілдес тайпаларға.
Қазақ хандығы қай жылдары құрылды?
1465-1466жылдары
Этногенезге қандай үдерістер әсер етеді?
Тайпалардың араласуы, көші-қон және мәдени байланыстар.
Түркі тайпаларының негізгі шаруашылығы қандай болды?
Малшаруашылығы
Қазақ халқының қалыптасуына моңғол дәуірі қалай әсер етті?
Тайпалардың араласуына және этникалық құрамының өзгеруіне әсер етті.
Қыпшақтар мекендеген тарихи аймақ қалай аталды?
Дешті қыпшақ
Қазақ хандығын құрған хандар кімдер?
Керей мен Жәнібек
Қазақ халқының қалыптасуы қанша уақытқа созылды?
Бірнеше ғасырға созылды
Түркі тайпалары қазақ халқының қалыптасуына қандай үлес қосты?
Этникалық, тілдік және мәдени негізін қалыптастыруға үлес қосты.
Қазақ халқының қалыптасуындағы басты факторлар қандай?
Ортақ тіл, аумақ, мәдениет және тарихи байланыстар.
Қыпшақтардың қазақ халқына әсері қандай болды?
Қазақ халқының тілі мен мәдениетінің қалыптасуына ықпал етті.
Қазақ хандығы алғаш қай жерде құрылды?
Батыс Жетісуда, Шу мен Талас өңірінде.
Қазақ халқының этникалық негізін қалыптастыруға қандай тайпалар қатысты?
Сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, түркі және қыпшақ тайпалары.
Түркі дәуірінің тарихи маңызы қандай?
Түркі тілі мен мәдениетінің кең таралуына ықпал етті.
Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуына қандай тарихи жағдай әсер етті?
Қазақ хандығының құрылуы мен қазақ тайпаларының бірігуі.
Дешті Қыпшақ атауы нені білдіреді?
Қыпшақ даласы дегенді білдіреді.
Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы қандай?
Қазақ тайпаларының бірігуіне және дербес мемлекеттің қалыптасуына негіз болды.